Қарттар - асыл қазыналар!

Қарттар - асыл қазыналар!
жеке
блог

2013-інші жылы қарттар күніне орай, қарттардың жағдайын білу барысында, сыйлықтарымызды алып, мерекемен құттықтап, Астана қаласындағы Көкталда орналасқан қарттар үйіне ат басын бұрған едік. Қарттарға жақсы қарап жатыр, дегенмен, мейірім нұры тұнған көздерінен мұңның ұшқыны байқалады. Қарттар үйінде қазақ қарттарының санаулы болғанына қуандық. Аралауды бірінші, өз қазағымыздан бастадық. Біздің келгенімізді көріп, қуанып қалды........ Әр қайсысының қарттар үйіне қалай келгені, бір кітап жазуға тұрарлық............ Олардың арасында өте білімді, мықты танымал тұлғалар да бар....... Қараған кезде, көзге еріксіз жас үйіріледі. Бізді туылған сәтімізден мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ата-анамызды қадірлей білейік, ағайын! Қазағымыздың даналары, қарттары - асыл қазыналарының үйі ол емес, өзінің қатықтай ұйып отырған отбасы, балаларының жаны!!!))