XXI ғасыр эпидемиясы - анорексия?

 

Анорексия және булимия мәселесі туралы жиі естігенімізден ол бізге қазіргі заман дерті сияқты көрінеді. Жаңа заман бізге сұлулықтың үлгісін ұсынып жатып, сол сұлулық үлгісіне еруге тырысамыз деген қазіргі жастар өздері байқамай сәннің құрбанына айналуда.

Сонымен  "XXI ғасырдың дерті" не екен?

Анорексия және булимия – тамақтанудың бұзылуы болып есептеледі. Егер біріншісі үшін ол тамақтан бас тарту мен шапшаң, шамадан тыс арықтауға деген кұштарлық болса, булимия одан біраз ерекшелінеді. Булимия тәбеттің кенет ашылуымен, адамның тамақты бақылаусыз жұтуымен сипатталады.

2013 жылдың статистикасына сенетін болсақ, мың адамнан әр 7-8 -i анорексияға кез болады. Ал жастар арасындағы әлгілі "вконтакте" желісінде, анорексия ауруын жақсы жағынан көрсетіп, оны  пропагандаға салып жүрген парақшалар көп. Олардың басты сөздері: "Карның ашса - су іш", " Тамақ ішкің келеме? Алма же. Ал алмаға тәбетің болмаса - онда тамаққа да жоқ" т.б.
Бұл парақшаның жан түршіктіретін заттарының бірі - осы парақшадағы мыңдаған 12 - 25 жас арасындағы ару қыздардың жазылуы.


Менің осы мәселені көтеруім жай емес. Бұл аурудың қол ұшы менің өміріме де тап болды. Бір жарым жыл бұрын менің сіңілім жүйке анорексия ауруына тап болды. Сол кезде анорексия ауруының қаншалықты кауіпті және күрделі екеніне көзім жетті. Біздің елімізде анорексия дертін емдеуге көмектесіп, оның алдын алатын дәрігерлер аз! Тіпті қажетті арнайы стационар емханалары да жоқ. Бұл ауруды емдету көп уақыт пен сабырлықты талап етеді. Сіңілімді емдеу үшін қаншама әл жұмсалды, қаншама ақша құртылды! Есепсіз көп дәрігерлерге көрсеткенімізден – нәтижесі шықпады.

Анорексия ауруынан айыққан адамдардың көбісінде ұзақ ремиссиядан кейін қайталама рецидив басталуы мүмкін. "Мен өз өмірімді анорексиясыз елестете алмаймын. Дене салмағым қанша кг болмаса да, ол науқас мені өмірімнің соңына дейін азаптайды" деп айтқан сіңілімнің сөздері  науқастың қаншалықты қатерлі болғандығын көрсетеді.  

Өз өзіне сенімшілдігін жоғалтып , бар денесінен ұялып, әрдайым тамақтың калориясын санау – анорексияның белгілерінің бірі! Сондықтан да өз құрбыларына, аға-қарындастарына қарап жүруіміз жөн. Оларға көмек бере отырып, бұл науқастың алдын алуы мүмкін! Әр уақытта өмірдің мәні ішкі байлықта екенін көрсете отыруы жөн, оларды тура салғанымыз – біздің парызымыз!



Бөлісу: