ТІЛ ҮНДЕСТІГІ МЕН КОМПЬЮТЕР

ТІЛ ҮНДЕСТІГІ МЕН КОМПЬЮТЕР
жеке
блог

Қазақ тілі - әу баста жаратылыста үндестік заңымен жаратылған тіл, бұл қасиет тілді программалауға, электрондауға мол мүмкіндік береді. Мәселен, қаз+ыр, қад+ыр,кәз+ір, кәд+ір, күл+дірген,бүл+дірген .... деген сөздердегі басқы буын қолда болса, қалғанын программа сингормонизмге сүйеніп өзі жалғастыра алады деген сөз. Мұндай мүмкіндік әлемдегі тілдер қатарынан барған сайын азайа түсуде, бір кезде неміс тілі сондай еді, кәзір одан жұрдай бола бастады. Қазақ тілінің бұл қасиетіне де вирус түсе бастады: қаз+ір, қад+ір... Егер тіліміздің емлесін, жазу ережесін қатаң түрде үндестікке бағындырсақ, біз үшін жарты мәтінді болашақта "білгісаяр" (түрікше) жазып бермек. Мәселен арнайы программа жазылса, бей+бітшілік сөзінің басқы буынын жазып үлгергеннен компи сізге қалған бөлегін ұсына қоятын болады. Мұндай оңай жазылатын тіл оңай үйретіледі әрі әлемді қызықтырады... өкінішке орай бұл жағына барыспай отырмыз ғой.