"Корей толқыны" бізге не береді?

"Корей толқыны" бізге не береді?
жеке
блог

Қазіргі уақытта теледидар мен интернетті корей сериалдары мен музыкасы жаулап жатқаны бәрімізге аян. Территориясы біздің бір облыстай ғана болатын елдің бүкіл әлемге өнерін паш етуі жақсы қарқында жүріп жатыр. Біздің халық, корей жігіттерінің тым нәзіктігін айтып жатса, басқалары олардың жанкүйері болып әлек.

Менің бұл жазбам, "Корей толқынынынан" біз не ала аламыз, сол жайлы қозғамақпын.

Корей сериалдары жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сапалы түсіріледі. Сюжет жағынан да аса күрделі ештеңе жоқ. Тек адами эмоциялармен ғана шебер ойнай біледі. 

Екінші, музыка. Сапалы аранжировка, әр туындыға арнайы би, қойылым жасалады, бейнеклиптер де сериалдар сияқты жақсы ойластырылып, арнайы сценариймен кейде сценарийсіз де сапалы етуге тырысады.

Костюм жағын да бүге-шігесіне дейін тап-тұйнақтай етеді. Адамдардың мәдениетін, талғамын арттыруға көп үлес қосады.

Әдемілікке жұмыс істейді. Әдемі актерлер, актрисалар таңдалып, бәрі соның айналасында шыр-көбелек айналады. Сериалдардың танымал болуы да актерлердің харизмасына тікелей байланысты.


Еңбектену, тыңбай еңбектену. Корей өнерпаздары жетістікке тек осы тыңбай еңбектенумен ғана жетеді. Күні бойы би алаңында дайындық, вокал, актерлік шеберлігін арттыру мақсатында бір минутын сарп етпейді.

Корей үкіметі "Авторлық құқық" сияқты бәлен-түгілендерге қолдарын бір сермеген. Интернет - олардың өнерінің дамуына даңғыл жол іспеттес. Олар Интернеттің бар мүмкіндігін өте ұтымды пайдаланып келеді. Сериалдары мен музыкасы Интернетте тегін таралуының арқасында оларды бүкіл әлем тыңдап, біледі.

Жаңа дүние ойлап табудың қажеті жоқ. Бізге солардан тек үйрену керек деп ойлаймын. Элементтерін ұрлап болсын, бәлкім идеясына идея қосып көру керек пе... бұның бәрі шығармашылық ізденісте жүргендердің құзырында.  

Көп сөйлегеннен бұрын еңбектену керек. Әзірге мұндай дүние шығара алмай жатырмыз ба, онда "Біздің Қазақстанды неге ешкім танымайды?" деп көпірсудің де қажеті жоқ.

Назарларыңызда Оңтүстік Корейлік "Big Bang" тобының соңғы шыққан "Blue" әні. Әннің де, клиптің де алып бара жатқан ерекшелігі жоқ, тек қайырмасы әнді алып шығады. Алайда қандай деңгейде түсірілген... Әлемді жаулау мақсатында европейідтік қызды басты рөлге қойған деп ойлаймын.