Массагет оқырмандарына жаздық есеп беру

Массагет оқырмандарына жаздық есеп беру
жеке
блог

Бұл жазбадан сіз мына сұрақтарға жауап таба аласыз:

  1. Массагет сайтында жазда қандай жаңалықтар, өзгерістер болды?
  2. Жаңа оқу жылында бізді не күтіп тұр?
  3. Неліктен оқырмандар пікірлерді аз жазады немесе мүлдем пікір жазбайды?
  4. Бұл сайттың мен үшін не пайдасы бар?

Артық сөзсіз, барынша нақты сөйлейтін боламын.

1. Массагет сайтында жазда қандай жаңалықтар, өзгерістер болды?

* Жаздың басында мектеп түлектері ҰБТ тапсырды. Тестің қорытындысы, ҰБТ жаңалықтары арнайы ашылған ҰБТ 2014 айдарында оқырмандарға жеткізіліп отырды. Егер сіз алдағы жылы мектеп бітірейін деп жатсаңыз дәл осы айдардан пайдалы психологиялық, практикалық кеңестерді таба аласыз.

* Футболдан Әлем чемпионатының өтуіне байланысты жаңа айдар ашылды. Айдар аясындағы барлық материалдарды мына жерден көріп шығуыңызға болады: ӘЧ 2014 

* "ӘЧ 2014" айдары аясында болжамдар сайысы өткізіліп, IPAD планшеті ойнатылды. Бәйгенің нәтижесімен мына жерден, ал сайыстың барысымен мына жерден таныса аласыздар.

* Дәрігер маман Бахтияр Назаров оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Жауаптармен мына жерден танысып шығыңыз. Мүмкін онда сізге де пайдалы ақпарат бар шығар?

* Заңгер маман Данияр Сәкен оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

* Қытайдың Нанкин қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына орай "Нанкин 2014" айдары ашылды. Олимпиада барысы, нәтижесі туралы барлық ақпараттармен мына жерден таныса аласыздар: Нанкин 2014 

п

2. Жаңа оқу жылында бізді не күтіп тұр?

Сайттың бейімделгіш (адаптивтік) нұсқасын дайындау жұмыстары басталды. Бейімделгіш деген не дейсіз бе? Сайттың бұл нұсқасын компьютер арқылы да, планшет арқылы да, телефон арқылы да оңай әрі ыңғайлы түрде қолдана аласыз. Сайт экраныңызға қарай бейімделіп, қолдануға ыңғайлы түрге ене алатын болады.

3. Неліктен оқырмандар пікірлерін аз жазады немесе мүлдем пікір жазбайды?

Сайтымыз дамып жатқанымен, қолданушылардың өз ортасы толық қалыптасып біткен жоқ. Бұның себебі оқырмандардың пікір жазып, бір-бірімен араласуға ұялатындығы болуы мүмкін. Егер сіз солардың қатарында болсаңыз, айтарым біреу. Массагет сайты қазақ жастары үшін арнайы ашылған. Бұнда сіз ойыңызды ашық білдіріп, басқа оқырмандармен араласып, достасып, өз ортаңызды қалыптастыра аласыз. Бұл сайт – біздің, яғни администраторлардың меншігі емес. Бұл – сіздің сайтыңыз. Сондықтан порталдың мүмкіндіктерін барынша толығымен пайдалануыңызға кеңес беремін.

4. Бұл сайттың мен үшін не пайдасы бар?

Бұл сайт әуелбастан қазақ жастарының интеллектуалдық тұрғыдан дамуына көмекші құрал ретінде ойластырылып ашылған. Бұнда сіз қоғамның әр саласындағы жаңалықтар мен пайдалы ақпараттарды оқып, біліміңізді жетілдіре аласыз. Одан бөлек, көзқарастарыңызды түсінетін, ойыңыз бір жерден шығатындай достар табуыңызға мүмкіндік бар.

Қорытынды

Сайтымыз қазір дамудың жаңа кезеңіне өтті. Қазір сайттың жұмысы жүйеленіп, портал сапалық тұрғыдан өсуге бет алды. Сонымен бірге, қазір сайттағы қолданушылардың өзіндік ортасының қалыптасуына сеп болуға ниеттіміз. Қазақ жастарының басы бірігіп, бәсекеге қабілетті орта пайда болса, сол – біздің мақсатымызға жеткеніміз.

суреттер: goodfon.ru