- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігерге сұрақ қойыңыз!...
Дәрігерге сұрақ қойыңыз! (Сұрақ қабылдау аяқталды)
Құрметті оқырман, бүгін біз Aspasia реабилитация орталығының маманы Бахтияр Назаровпен болған сұқбатымызды ұсынамыз. Бахтияр Сәрсенұлы балалар церебралды сал ауруы мен жүйке ауруларына шалдыққандарға көмек көрсететін орталық жайлы айтып берді.
Алматыдағы "Aspasia" жүйке аурулары және сауықтыру орталығының маманы Бахтияр Сәрсенұлы Назаров балалар церебралды сал ауруы мен жүйке ауруларына шалдыққандарға көмек көрсететін орталық жайлы айтып берді. Орталықтағы шетелден әкелінген арнайы аппараттар Қазақстандағы ешбір ауруханада жоқ.
Күніне 50-60 адам қабылдайтын "Aspasia" жүйке аурулары және сауықтыру орталығында Бахтияр мырза ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) маманы. 22 жылдық еңбек тәжірибесі бар маман 1992 жылы Ташкент қаласындағы Педиатрлық медицина институтын бітірген. Ол клиникаға түскен науқастарға диагностика жасап, қандай ем қабылдау керектігін көрсетіп, ауру саласы бойынша арнайы мамандарға жібереді. Орталық туралы толығырақ ақпаратты www.aspasia.kz сайтынан біле аласыздар.
- Бахтияр мырза, өзіңізді алдымен таныстырып өтсеңіз.
- Бұл клиникада мен ультрадыбыстық аппарат арқылы науқастың бойындағы дертті тауып, тиісінше маманға жолдамамен жіберемін. Бізде бауыр, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек, гинекология, жүрек қан тамыр жүйесі бойынша зерттеулер жасаймыз. Соған қосымша, науқастардың буын ауруларын да ультра-дыбыстық тексерістен өткіземіз.
- Клиникаға көбінде қанша жастағы адамдар келеді?
- Бұл жерге орта жастағы адамдар көп келеді. Бізде мамандардан, невропотолог, кардиолог, физиолог, травматолог, физиотерапевт, балалар неврологы саласы бойынша мамандар жұмыс істейді. Бұл орталықтың негізгі бағыты жүйке жүйесі аурулары мен қайта қалпына келтіру болғандықтан бізге көбінесе инсульт алған адамдар, жол көлік оқиғасында жарақат алғандар ағзаларының қызметін түзеу үшін келеді.
Құрметті оқырман, бауыр, ұйқы безі, көк бауыр, бүйрек, гинекология, жүрек қан тамыр жүйесі және буын ауруларына қатысты қандай да сұрағыңыз болса Бахтияр Назарұлына қоя аласыз. Ол үшін сұрағыңызды пікір ретінде қалдырыңыз! Дәрігер бірде-бір пікірді шет қалдырмай, мазалап жүрген аурудың шипасын табуға көмектеспек!
Редакциядан: Құрметті оқырман, Бахтияр Назарұлына сұрақ қою бүгін, яғни 4 тамыз күні аяқталғанын ескертеміз. Енді қойылған сұрақтарға жауап берілмейді. Белсенділік танытқандарыңыз үшін үлкен рақмет!
Сұқбаттасқан: Ардақ Құлтай, Мейіржан Әуелхан
А. Құлтай