Жазылған жайттың жалғасы немесе Пәктік туралы

Жазылған жайттың жалғасы немесе Пәктік туралы
жеке
блог

                Қайырлы күн, массагеттік оқырмандар. Жазба қалдыруға ойда жүретін тақырып көп болса да, көңілден бұлқынып шығып, қағазға төгіле қоюы қиын ғой. Бірақ Шамшадиннің жанайқайы көрініп тұрған кешегі жазбасы (ашуын бүкпесіз жазғаны үшін алғыс айтам) осындағы көпшілікті бір толғандырып, орындарынан біраз қозғаған болар. Маған да қалам алғызған сол тақырыптың аясы. Сол жазбаның астында Айка қалдырған пікірге де осы жазбамнан жауап табылып қалар.

                Университетте оқып жүргенде куратор сағатын өткізетінбіз. «Мектептің оқушысы емеспіз, не керек сол? Тәртіпке шақырып, сабақтан тыс жиналысқа салатындай баламыз ба?» дейтіндер, куратор сағатына қатыспайтындар, келмейтіндер әр топтан табылатын. Бағымызға орай біздің топ шағын, ұйымшыл болды. Старостамыз әр жолы түрлі қызық тақырыптар тауып әкеліп, кураторымызға ұсыныс жасап, жақсы өткізуге тырысатынбыз. Сондағы қозғалған тақырыптардың ішінде менің қатты есімде қалып, ұзақ толғандырғаны – телегония ғылымы туралы болатын.

Некеге тұрған (немесе жоспарлап жүрген) әрбір саналы адам өзінің балалары өмірге келіп, ұрпағы жалғасқанын қалайтыны анық. Бірақ олардың барлығы бірдей екі жастың пәктігінің болашақ балаларға, олардың денсаулығына қалай әсер ететіндігін біле бермейді. 

Соңғы жүз жылда гинекологиялық кабинеттерде қиылған өмірлер саны соғыстарда қырылған адамдар санынан асып түседі. Абортталған сәбилердің жас терілерін, жасуша ұлпаларын медицинада, парфюмерияда, тіпті тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданып жүр. «Жыныстық еркіндік» - қазіргі заман адамына ең қажетті дүние деп таңылып, қалыптасқалы қай заман. Ресей, Украина мен Белоруссиядағы оқушы қыздардың 65 %-ы 16 жасқа дейін пәктігінен айырылады. Бұл елдер балалар жезөкшелігінен алғашқы орында. Күнә мен зұлымдықсыз өмір сүру соншалықты қиын емес. Адам күнә үшін емес, саналы ғұмыр кешу үшін жаратылып еді ғой?

Шамамен 150 жыл бұрын аттың жаңа тұқымын шығарып жүрген жылқы өсірушілер төзімділікті арттыру мақсатында ат пен зебраны шағылыстырады. Бірақ тәжірибе сәтсіз аяқталды: биелерден зебраға ұқсайтын құлындар, зебралардан кәдімгі атқа ұқсайтын құлындар туылмады. Тәжірибе жұмыстары тоқтатылып, бәрі ұмыт қалдырылды. Алайда арада бірнеше жыл өткен соң тәжірибеге пайдаланылған биелерден ала құлындар туыла бастады, және бұл кәдімгі атпен шағылысқан биелер! Жағасын ұстаған ғылыми әлем бұл құбылысты телегония деп атады.

Профессорлар Флинт, Феликс Ладантектердің және басқа да көптеген ғалымдардың тәжірибелері аталмыш феноменді растап берді. Ф. Ладаятек "Индивид, эволюция, наследственность и неодарвинисты" (М. 1889 ж.) еңбегін жариялады, оның «Телегония, или Влияние первого самца." бөлімінде жүргізілген тәжірибелер, олардын шыққан қорытындылар туралы кеңінен баяндайды. Тек ит өсіруші-тәжірибешілер ғана бұл тұжырымға таңданбаған, өйткені олар мұны баяғыдан білетін: егер тұқымы асыл қаншық ит көшенің қаңғыбас итімен ең болмаса бір рет шағылысса және одан ешқандай күшіктер туылмаса да, болашақта бәрібір бұл қаншықтан (және оның балаларынан) асыл тұқымды иттер дүниеге келмейді (өзіндей асыл тұқымды итпен қосса да). Кептер бағушылар да бұл туралы жақсы біледі. Егер қарапайым дала көгершіні тұқымы асыл кептерді «бүлдіріп» кетсе, бұл кептерге енді ұрпақ өрбіткізбейді, өйткені «асыл тұқымды жұбаймен» қосылса да одан таза тұқымды балапандар шықпайды – не құйрығында, не тұмсығында, не әйтеуір тағы бір жерінде кемшілік болады. Ал барлық жаратылыстың ішіндегі ең саналысы, ең озығы, төрт құбыласы тең – адам десек, бұл телегония заңдылығы оған бірнеше есе күштірек әсер ететіндігі айтылып, жазылды, өйткені адам баласы өте сезімтал, санасы өзгелерден биік деңгейде болғандықтан, ол тәнімен ғана қабылдап қоймай, жанына да ақпарат жазып алады (еріксіз түрде де).  Енді біздің заманымызда мынадай парадоксты жағдай қалыптасып отыр: дені сау ұрпақтың туылуына тікелей қатысы бар бұл құбылысты тек мал өсірушілер ғана біліп отыр.

прро

Телегонияның мәлім болуы адамдардан бірден жасырылды, өйткені көп нәрсенің беті ашылар еді. Ал ең бастысы – телегония порно-индустриямен қалтасын қалыңдатып жүргендердің жолын кесер еді. Бұл құбылысты құпияда ұстау үшін немесе адамдар ол туралы кеңірек біліп, ойланбауы үшін энциклопедияларға өте ыңғайлы түсіндірме енгізілді: «телегония ғылымының тұжырымдары іс жүзінде дәлелденбеген...» Сонымен, телегония ("теле" – алыс және "гони" – туылу, жыныстық бездер, гормондар) – әйелдердің ұрпақ әкелуіне онымен осыған дейінгі жыныстық байланыста болған барлық серіктері әсер ететіндігін дәлелдейтін ғылым, яғни болашақта кіммен некелессе де өмірге алып келетін балаларында алдыңғы болған серіктерінің қасиеттері, ерекшеліктері көрінеді. Сап-сау күйінде үйленіп, бірақ өмірге неше түрлі ақаулармен туылып жатқан сәбилерді еске алыңыз және олардың туылуы жыл сайын артып келе жатыр. Өмір бойғы қайғыға айналатын сәбиінің ауру болып туылғанан көріп, «Құдайдың жазасы» десіп жатады. Тек ғылымға ғана бас ұратын атеистердің өздері тәжірибелер көрсеткен бұлтартпас дәлелдердің алдында шарасыз.    

                                  Бұл ерлерге де қатысты!

Егер кімде-кім телегония заңын бұзғаны үшін тек қыздарды жауапкершілікке тарту керек десе, қатты қателеседі.

Лазаревтер отбасында мынадай оқиға болған. Еңбекқор, көргенді, жақсы отбасының үлкен ұлы Александр университет бітірген бойда әскер қатарына шақырылады. Сырт елде әскери міндетін өтеп, көп ұзамай демалысқа шығады. Тойлап жүріп, жезөкшелерге барады. Қауіпті ауру жұқтырмағанымен, оны телегония сыны күтіп тұр еді. Александрдың некелі жарынан туылған тұңғышы әкесіне де, анасына да ұқсамай, сол жезөкше қызға тартып кеткен. Әке-шешесі ақшыл-сары, бойы ортадан жоғары, қоңыркөзді, ал, тұңғышы кішкентай бойлы, азиат. Орыс ұлтты өз келіншегін қанша айыптағанымен, ауылда бірде-бір азиат жоқ еді. Бірақ күйеу жігіттің тойдан бұрын «тойлағаны» ешкімнің ойына келмеді. Яғни ер адамдардың да некеге дейінгі қарым-қатынастары оның болашақ ұрпақтарына әсер етеді деген сөз, оның бойында да бұрынғы серіктерінен генетикалық ақпараттар қалып қояды.

енр

Қазіргі адамдардың қатыгезденіп, зорлықшыл немесе ақыл-есі кемшін, түрлі науқастармен туылатындардың көбеюіне осы қарапайым ғана, бірақ ескінің қалдығына баланатын тазалықты сақтау, телегония заңдылықтарын бұзбау (текті ата-бабаңыздан сақталып келе жатқан бойыңыздағы генетикалық ақпаратты бұзбау) тосқауыл бола алар ма еді? Текті халықпыз деп мақтанатын қазақтың тексіздігіне әдет-ғұрыпқа пысқырып, пәктігін сақтамаған қыздардың, нәпсісін тыя алмаған ұлдардың ессіздігі кінәлі емес пе?... Азғындық пен ойнас қалыпты жағдайға айналғанда, элита арсыз қағидасын басқаларға таңып жатқанда нағыз мұсылман болу оңай емес. Бірақ дін тұрғысынан да, әлеуметтік жағынан да ең бастысы, маңыздысы – ұрпағымыз. Сондықтан бәрі де: қандай жеміс егетініміз де, ұлтымызға қандай мүмкіндік беретіміз де – өз қолымызда.

 

Мәліметтер "Үш қиян" газетінен және ғаламтордағы ғылыми материалдардан аударылып пайдаланылды.