Жанассаң жарық сыйлайтын тері

Жанассаң жарық сыйлайтын тері

АҚШ зерттеушілері "электронды тері" жасап шығарды.

Бір жанасқаннан жарқырап шыға келетін жаңа өнертабысты Берклидегі Калифорния университетінің инженері тудырып отыр. 

Пластиктен жасалған жасанды сенсорлы тері созылғыш келген. Кез келген заттың жанасқанынан созыла кетеді. Жанасуда "сезіп", жауап ретінде жарқырай бастайды екен - сәуле жарқылы басып қысуға байланысты. 

Сынаққа арналған түрлері 16-дан 16 пикселге рұқсат етілген. Әр пиксел транзистордан, органикалық сәуле диодтан тұрады, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар орталығы. 

Ертеректе, үш жыл бұрын ғалымдар жасанды терінің ең алғашқы нұсқасын жасап шығарған болатын. Аталған өнім жарқырай қоймаса да, "жанасуды" сезіне алатын болыпты. Сол тұста жасанды терілердің сезімталдығын құлтемір жасауда және протездеуде қолданылып көріле бастаған.

Өз кезегінде, болашақта "жарқырайтын" теріден адамның қан қысымы мен тамыр соғысын қадағалай алатын кіріктірме сенсорлы экран немесе медициналық таңғыштар (повязка) жасап шығарылмақ.

Өнертапқыштардың ендігі ойы - температура мен жарықта әсер беретін "элоктронды тері" жасап шығару.

сурет:www.rg.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига