Бал-бала

Бал-бала
жеке
блог

Осыдан біраз бұрын «Біздің Макакайлар!» - деген блог жазған едім, сол макакайлардың қазір қандай болғанын бөліскім келіп отыр.

Бұл 2 макакайдың бірі 3, бірі 4 айлық кездері болатын, арада 1 қыс өтті өткен сенбіде тағы бір інімнің тойы болып сондағы осы екеуін көрсеңіз. 

Мынау қазіргі кездегі макакайлар, бұл екеуінен басқа сәби әулетте туыла қоймаған соң әзірге макакай деген еркелету ешкімге ауыспады :), басқа бөпе туылса сол макакай болар...

Тойда әдеттегідей екеуіне бірдей киімдер алып, мамаларына да көрсетпей екеуін киіндіріп алып шықтық, бәрінің назарында осылар болды. Кейбір білмейтіндер егіз екен деп қалады. Бастарындағы бантиктерін жұлып тастады аздан кейін.

Күзге қарағанда қазір екеуі адам, айтқандарын ыммен, іс-қимылмен түсіндіре алады, ренжігеніңді байқаса бетіңе күліп қарап алдайды. Қазір біреуі 1 жас 1 ай, біреуі 1 ге келеді 10 күнене соң. Барлықтарыңызға осындай  ең тәтті де, өмірдің мәні болатын, күлкісі ештемеге тең емес бөпелер тілеймін!

Мынау соларға тілі келмей макакай деп ат қойған ағалары, бұл қазір тойда жүгіруден қолы тимейді активист!

2 макакай мына 2 әпкесі сияқты келешекте аманшылық болса қолғанат болады деп сенемін!