Көңіл-күйге қарап ән таңдайтын құлаққап

Көңіл-күйге қарап ән таңдайтын құлаққап

Көңіл пернесін дөп басып, нәзік қылды шертетін ән табу жай ғана шаруа емес. Кейбіреулердің бұл үшін көп уақыты желге ұшып, көп үміті жер құшып жатады. Жақында “Neurowear” компаниясы адам миының жартышарындағы ырғақты анықтайтын, көңіл-күйдің қалауы бойынша ән тауып беретін “Mico Headphones” ғажап-девайсын дүниеге алып келді.

Кейбір адамдар үздік әндерге топтама жасап қояды. Көбіне одан келер көмек шамалы болмақ...

Бұл жолғы өнертабыс бірінші күннен-ақ тұрмысқа еніп кете барған. Энцефалограф жасақталған құлаққаптағы сараптамалық бағдарлама сол сәттегі соғып тұрған жүрек қалауын орындай алады.

Адамның психоэмоциональды көңіл-күйін анықтауға бағытталған зерттеулер нәтижесі жемісті болып отыр. Тіпті, құлаққап бұрышындағы тетіктердің бірі тыңдарманның қай әнді ұнатқанын, қай әнді ұнатпағанын есе сақтап, тиісінше, алдағы әндерді көңіл-күйге қарап саралайтын болған.
сурет:kibardindesign.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек 
Л. Лига