Еуропаға сапарым [2]

Еуропаға сапарым [2]
жеке
блог

Алдыңғы жазбамда айтқанымдай, Польшаға барып тұрғасын, басқа қалаларды көріп кеткіміз келді. "Атың барда жер таны, желіп жүріп" деп, мүмкіндік барда Германияның астанасы - Берлин қаласына келдік. 

Негізі, Еуропа ішінде самолетпен қатынау арзан әрі тиімді дейді білетіндер. Егер, билетін ертерек алып қойсаң, әрине. Және егер жүгің болса самолетте оған бөлек төлейсің. Біз автобуспен бардық. Автобуста да wifi тегін, самолеттегідей әр орындықта кино көріп, музыка тыңдайтын, ойын ойнайтын дисплей болды:)

ыке,гн

Автовокзалдарынан көңілім қалды. Немістерді өте тазайын халық дегенді көп естігеннен болар, Сайранға кіріп кеткендей болдым. Қаланың ортасынан өзен ағатынынан болса керек, жағымсыз иіс шығып тұрады үнемі.

Автовокзалдан шығып қай жерге баратынымызды білмей біраз тұрдық. Енді кетіп бара жатқанда екі ер кісі мен жас қызды көріп, олар бізге біз оларға қатты қарадық. Неге? "Қазақтар ғой" деген ой ғой:) Олармен амандасып, жол сұрадық. Берлинде тұрады екен. Бір ағаның қолында Абай атаның төте жазумен жазылған кітабы бар) Тап-таза қазақша сөйлейді. Жол сұрап тұрсақ, "Пәленше деген бекеттен түсіп, төте жүресіңдер" деді. Қасымдағы қыздарымның түк түсінбегендері көздерінен көрінеді:) Сосын түсіндірдім, "Пәленше деген станциядан түсіп, прямо жүреміз" дегенді түсінді))

нгоег

Берлинге жолыңыз түссе мынандай кеңес: "Berlin Hauptbahnhof" деген вокзалының алдында өте көп туристік автобустар тұрады. Қасында кеңесшілермен. Өзіңізге тиімдісін таңдаңыз. Олар түстермен бөлінеді. Мәселен, біз мынандай сарысын таңдадық:

енгенг

Төбесі ашық, жаңбыр жауғанда жабады. Жалпы, Еуропада студенттерге жеңілдіктер бар. Бұл автобуста да 20 емес, 16 еуроға жеңілдік берді. Сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін билетің жарамды. Тоқтайтын аялдамаларын айтады. Кез келген аялдамадан түсіп, суретке түсем десең өз еркің. Тек автобус сені күтпейді де кетіп қалады. Орнына дәл осы туристік фирманың автобусы 10 минуттан кейін сол аялдамада болады. Яғни, әр 10 минут сайын билетіңді көрсетіп отырып кете бересің. Түспей отырғаныңның өзінде, қаланы осы автобуспен аралауға 2 сағат уақыт кетеді. Біз түсіп жүріп 2 рет араладық:)норлг

Бір көшеден түсіп қалдық. КСРО-ның жыртылған тулары ілінген. Совет солдатының суреттері ілінген.

мтспоч

Және мынандай қылып матрешка, КСРО кезіндегі ордендер, киімдерді сатады. Не мақсатта екені түсініксіз.

морлмгршл

Берлиннің таксилерінің өзі Mercedes S class:

тобсрл

Адамдары Познаньдағыдай тесіліп қарамайды. Себебі, келімді-кетімді турист көп. Азиаттарға көздері үйренген.

Мынау Германиядағы ең үлкен собор:

енкгг

Бұл жақта да джип көрмедім. Есесіне, "Дэо матиз" көрдім бірнеше рет:)

ыкерке

Рейхстаг көрмей қалай кетеміз?!

вкеныу

Рейхстагқа кіруге болады. Олар жұмыс істей береді. Бірақ, үш күн бұрын Бундестагтың сайтына тіркеліп, шақырту алуың керек. Оны кеш біліп қалдық. Сосын сыртын тамашалап кете бердік:)

Рақымжан Қошқарбаев атаның рейхстагқа ту тіккені есіңе түседі де, біртүрлі мақтаныш кернейді кеудеңді)))

Ал, осымен болдым:)

Мына Познаньдық музыканттың скрипкада ойнағаны ұнады маған:

P.S. Өзімнен аңғарғаным: өзім майысып суретке түсе бергеннен гөрі, айналамды (адамдарды емес!) суретке түсірген ұнайды екен. Барлық сурет пен видео өзімдікі (Досымхан Анишев деген қолданушының назарына!).