Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Әзіл-шыны аралас этимология

Әзіл-шыны аралас этимология

Әзіл-шыны аралас этимология

    "Әлемдегі барлық сөз қазақ тілінен шыққан" деген ойынымыз бар еді. Соны бір жаңғыртып көрейін. Алдымен сәл қызып алу үшін бәрі білетіндерінен бастайын.

      Рессейдің ірі ет өндіруші-фабриканты қазақ жеріне жаңа рецептер іздеп келіпті-мыс. Қасында еріп жүрген тілмәші арқылы шұжық жасап отырған қазақтың әйелінен:

    - Как вы это делаете? - деп сұрағанда әлгі әйел:
    - Қолды баса отырып жасайды ғой, - деп жауап беріпті.
     "Колды баса" бұрмаланып "колбаса" болып кетіпті.

      Қазақтың "жаңғыл" деген сөзін естіген ағылшындар кез келген қалың орманды "Jungle" (джангл) - джунгли деп атайтын болыпты.

      Салфетка - Сал бетке

      Тушкан - Тышқан (шын болуы мүмкін)

      Жапонның taberu (тамақтану) тәбеттен шыққан


      Алтыншы ғасырдың басында Бертұр деген кісі кішкентей інісін ертіп, күнбатыс жаққа қарай алыс сапарға аттаныпты. Бірнеше жыл өте теңіздің ар жағындағы үлкен аралға келіп жетіпті. Көне заман емес пе, желгілікті халық жаппай жүнін сыртына қаратып тері тон киеді екен.Мұны көрген Бертұр:
    - Мыналар өздері жүні жалбыраған бір ит сияқты! - депті. Содан бұл тайпалардың атауы бірит немесе бриттер болып кетіпті.
Бірер айдан соң Бертұр ауылын сағынып, еліне қайтып кетеді. Кетерінде біриттермен қалам деген інісіне қылышын сыйлайды. Бұрын-соңды мұндай кереметті көрмеген біриттер:
    - Бұл қандай қару? - деп сұрағанда Бертұрдің інісі:
    - Ағам "мені еске алып жүр" деп қалтырып кеткен сыйы ғой, - деп жауап береді. Біриттер содан бастап қылышты "ескалипжур" немесе Экскалибур деп атайтын болыпты. 
      Кейін біриттердің жеріне Еуропаның ну ормандарын мекендеген тайпалар шабуыл жасағанда, жас қазақ жігіті жаңа жерлестірінің басын біріктіріп, басқыншыларға төтеп береді. Нуормандықтарды (тарихта "Нормандар") жеңген соң, біриттер оны өздерінің көсемі етіп сайлайды. Жаңа көсем бұйрығымен зәулім тас қамал салына бастайды. Біриттер сүйікті көсемдерінің әмірін орындау үшін жанын аямай еңбектеніпті. Құрылыс толығымен аяқталған соң, Бертұрдың інісі той жасап, тойда сөз сөйлеп:
    - Әрқайсыңның маңдайынан жүз тамшы тер тамды, - деген екен. "Жүз тер" біртіндеп Честерге айналған.
      Бертұрдың інісі он бір серігімен қамалдың бір бөлмесінде жиналады екен. Бөлменің ортасындағы ошақта жанып тұрған отты ол "кәміл от" дегендіктен, қамалды да халық Камелот деп кетіпті. Отырыстарына ыңғайлы болу үшін үлкен дөңгелек жозы жасатыпты. Сол жозыны айнала отыратын он екі серінің әрқайсысының қазақша жыл атауларына сәйкес қалқандарына салатын белгісі болыпты. Кейдікі - мешін, Мордредтікі - жылан, Ланселотікі - барыс, тағы сол сияқты (басқаларын білмейді екем).
      Айтпақшы, Бертұрдың інісінің есімі Әрітұр екенін айтуды ұмытып кетіппін ғой! Кішкентай кезінде аға-апкелеріне сүйкеніп, жағаласып жүреді екен. Оған бәрі:
    - Өй, әрі тұршы! - дей беріп, аты Әрітұр болып кетіпті.
      Ұйықтағанда қатты қорылдайды екен, сондықтан Әрітұрды бәрі сыртынан "қорылдақ Әрітұр" деп мазақтайтын көрінеді. Біртіндеп олары қысқарып "Қорыл Әрітұр" - "Король Артур" болып, тарихта, халық аңыздарында сол атпен қалыпты.
      Біриттердің отаны "Біритотан", кейін келе Британияға айналыпты.

      Тағы өрбітуге болар еді, бірақ шаршап кеттім. Адам стёбтан да шаршайды екен^_^

      Бұрын сағат-сағат бойы ойнай беруші едік, қартая бастағам ғой.

 

4215 11
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 14 наурыз 2012, 13:57
Тегтер: әзіл, қалжың, ойын
Пікірлер
+0
14 наурыз 2012, 14:49

керемет )))

+0
14 наурыз 2012, 15:04

Аңызды қазір шығардым, ал алдыңғылары бұрынғы ойындарымыздан есте қалғандары. Мұндайдың талайы бар еді, есіме түспей отырғаны-ай...

+0
14 наурыз 2012, 15:32

Қалай қызық!! Қиялыңыз шексіз екен!

+0
14 наурыз 2012, 22:27

Ойыңыздан шығарғансыз ба?! Мяя! Аңыз түбі ақиқат дейді ғой ))Шынымен де қазақ тілінен тараған шығар деееееп кетсең! Армандаған жақсы ғой!

+0
15 наурыз 2012, 17:35

Колбаса шынында да kulbasty деген түркі сөзінен шығыпты О_о. Бұл деректі қазір ғана тауып алдым.

+0
15 наурыз 2012, 18:55

Міне, қызық! Қай жерден тапқаныңызды айтасыз ба? менің де оқығым келіп тұрғаны. )

+0
15 наурыз 2012, 19:25

Алдымен Википедиядан (бірсыпыра сөздер келтірілген)
http://ru.wikipedia.org/wiki/Тюркизмы_в_русском_языке
Сосын "Этимологический русскоязычный словарь Фасмера" деп, Гүлгүл-ге іздетуіңе болады. Фасмердің сөздігінде тек орысшаға басқа тілдерден (түркі тілдері соның ішінде) талай сөз бар.
Орыстардың атақты саяхатшысы Афанасий Никитиннің "Хождение за три моря" деген кітабың көптеген жерлері таза түркіше жазылған. Орысша жазып отырып еш қиналмастан татаршаға көшіп кетеді. Тіпті Тверьдің сап-сары орысы түркі тілінде зырылдап сөйлеп тұрса, орыс тіліне түркі сөздерінің жүздеп, мыңдап енуі де ғажап емес.

+0
16 наурыз 2012, 13:48

Рахмет, Али Гофрен!

+0
04 қазан 2012, 13:39

Қызықты екен, демалып болсаңыз тағы жазсаңыз.

+0
04 қазан 2012, 14:04

:lol: Қазақ- Африкада да қазақ деген шын-ау! Жиірек жазып тұрсаңыз жақсы болар еді

+0
06 шілде 2015, 00:27

қызық екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев