Шетелге оқуға кететін адамға қандай ақыл-кеңес ұсынасыздар.

Сәлем Массагет тұрғындары.Қалайсыздар?Шыны керек мұнда жиі кіріп,блогтарды оқып тұрамын.Ендігі сіздермен өз жаңалығыммен бөлісіп,ақыл кеңестеріңізді сұрамақшымын.Журналистика деп жүрген мына мен биыл айдаладагы Қытайға оқуға кетейін деп жатырмын.Осы Қыркүйекте...Жалғыз бармаймын,жанымды мен сияқты біраз колледж студенттері де бар бірақ бәрібір қатты жүрексініп жүрмін.Ұшаққа билетті алғалы өзімді қоярға жер таппаймын,мүмкін шетке ата анамнан бірінші рет бөлініп шығуымнан болар...білмеймін...тіл білмейді емес,жартылай білемін.Бірақ бәрібір шет елдің аты шет ел. " Бәрі қорықпай ақ кетіп жатыр ғой" деп өз-өзіме басу айтамын,бірақ қорқынышымды жеңе алар емеспін...Бір жағынан кеткім келмейді,өзге елдің иранбағынан,өз еліңнің шаңы артық қой деп талай кетпей ақ осында қалайын дедім..Бірақ қазіргі заман талабы сол, әрі бұндай мүмкіндік жылды келе бермейді ғой деп осы шешімге келдім.Ендігі жүрісім мынау...Сіздермен жаңалықтарыммен,көрген-білгендеріммен бөлісіп тұрамын барған соң.Бірақ араларыңызда шет елде оқып келген жандар бар ма?қандай кеңес бере аласыздар?Және бір байқағаным ҚХР азаматтары да бар екен.Маған қандай ақыл-кеңестеріңізді ұсынасыздар?



Бөлісу: