Сәбинадан бір кем түспейтін қазақтың 10 сұлуы #3

Әлемде қазақ қызына жететін сұлу қыздар ма екен? Қыздарымызды әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты шулатқан Сәбинамен теңестіріп жатырмыз. Біреулер жүрда "Неге Сәбинамен теңестіресіңдер, басқа қыз жоқ па?" деп. Біз өзіміз білеміз кіммен теңестірсекте, - деп қоямда мен))) Жалпы Бакең неге 100 сұлу деп бастамады екен эстафетаны? Қыздар таласып жатыр. "1 күн болса да массагетте суретім хит болып тұрса" деген ой бар бәрінде. Кез келген әлеуметтік желіге кіре қалсаң, әдемііі, оданда әдеміііі қыздар көп. Бірақ мен былай ойладым, танымайтын қыздардың фотоларын сала бергенше, өз өмірімде кездескен, араласқан, сырласқан, мұңдасқан, (100 грамм стакандас болған десеңда) өзім танитын 10 сұлудың суретін қояйын деп шештім.

Айнұр Түкібаева - менің сыныптасым. Мен үшін ең ақылды мінезі ең әдемі қыз осы. 11 жыл мектепте оқығанбыз, басқа қыздар сияқты емес. Мен бұл қызды сүйемін, олда мені сүйеді, бірақ қосылмаған ғашықтармыз. Еш боянбайды, артық сөзі жоқ. Шамамен бойы 183 см, салмағы 52 кг. Тұрмыс құрмаған.

 Нұржамал Қожанова - бұл қызда сыныптасым. Мінезі өте ашық қыз. Көп сырласатын едік. Мен сырласамын, ол есек айтатын еді. Адамның нервін шығарып, көктемде тұрмысқа шығып кетті ғой. Шамамен бойы 173 см, салмағы 58 кг. Өмірлік ұстанымы "мен ешқашан жеңілмеймін". Күйеуге тиіп кеткен.

Гауһар Тұрысова - кезінде қызым болған. Кішкене ақымақтау болса да, әдемі қыз. Мінезі тұйық. Кездескен сайын бір - бірімізге "әңгіме айтсай, аңгіме айтсай" деп шаршап кететін едік. Шамамен бойы 178 см, салмағы 65 кг. Түрмыс құрмаған. Жақында диплом алды. Ренжімеңдер жігіттер номерін бере алмаймын, өйткені әліге дейін қызғанамын.

Арай Есенбекова - менің группаласым. Бұл қызды қалай айтсам екен, жігіттермен сөйлескенін көрмеген екенмін. Группада тек менімен ғана сөйлесетін. Кейде "мен сені жақсы көремін" деп айтып тұратын. Мен болсам "қой, мені шешемнен басқа ешкім жақсы көрмейді" деп әзілдеп кететін едім. Шамамен бойы 179 см, салмағы 67 кг. Жақында тұрмысқа шықты. Тойына шақырды. 16 тамызда тойына барып тұрмын ғо, 3 штук гүлді қолтыққа қыстырып.алып.

Әсемгүл - менің колледждегі қол жеткізе алмай кеткен махаббатым. Тек атын ғана білемін. Бұл қыз орыс группасында оқитын еді. Өте ақылды, колледждің атынан жарыстарға қатысып тұратын. Мен байғұс осы қызға "қарындас танысайық" деп айта алмай кеттім. Орысшаны қатырмағанмын. Шамамен бойы 165 см, салмағы 52 кг. Қазір Кореада жүр екен. Әлі ешкімге тимеген-ау.

Рината Жүсіпова - группаласым. Саната деген сыңары бар. Бұл қыз солтүстіктің қызы еді. Менің Шымкентский сөздеріме түсінбей қала беретін. Әрдайым күлімсіреп жүреді. Негізі жақсы қыз, жаман жағын көрмедім. Шамамен бойы 169 см, салмағы 45 кг шығар. Тұрмыс құрмаған.

Қарашаш Сапахова - кезінде агенттегі жан подружкам ғой. Өмірімде бұл қызды көрмегенмін. Бірақ неге екенін білмеймін, осы қызға бар сырымды ақтаратын едім. Олда менен ештеңе жасармайтын. Кейіннен тұрмысқа шығып кеттім деп еді, сол сол екен, араласпай қойдық. Енді кім біледі күйеуі қығанған шығар. Жалпы бойы, салмағын білмеймін. Тұрмыс құрып кеткен.

Бұл қыз барлықтарыңызға белгілі - Айша ханым. Айша өте керемет қыз (келіншек десекте болады). Блогқа жазған өлеңдерің кім оқып тұрады араларыңда? Керемет жазады. Айшаның жаны сұлу. Бойы, салмағын білмеймін. Тұрмыста, 2 баланың анасы.

Таңшолпан Ілиясқызы - бірге жұмыс істейтін әріптесім. Ақылына көркі сай, қазақтың қарапайым қыздарының бірі. Қазіргі кезде сөлесетін осы 1 штук қыз қалды. Басқалары тұрмыста, араласпай кетті. Сүйкімді қыыыыз, жанем сол, саған үйленіп кетейін ба? Әттең, әйелімнен ажырасайын десем, бажамды қимаймында. Шамамен бойы 165, салмағы 59 кг. Тұрмыс құрмаған. Жақында 2-ші диплом алды. Номерін сұрасаңдар ойланып көремін.

Гүлсім Жайлауова - сыныптасым. Мектеп кезінде еш араласпағанбыз. Астана бірге оқығанбыз. Сол кездерде 2-3 рет вечерлерге алып барғанмын. Содан кейін араласып кеттік қой. Мінезі өте тұйық. Тамырын басып, жай әңгімеге тартатын болсаң, әжептеуір қуады. Сол үшін жақсы көремінда. Шамамен бойы 176 см, салмағы 63 кг. Тұрмыс құрмаған. Астанада мектепте мұғалім екен.

Жалпы осылай Массагеттік оқырмандар. Блогқа сурет қойып жазу қиындау екен. Сонда да жаздым. Енді адамның пазорын шығармай, осы блогты оқыған әр оқырман өз пікірін жазып кетсін. Жақсы болса да, жаман болса да жазыңдар, ойларыңды айтыңдар. Блогты жазуымызға жазып алып, кім не жазады екен деп күтіп отыратын болдық қой.  Сөз соңында айтарым: Сәуле ішің күйсін, сенің суретіңді салған жоқпын. Кезінде өзіңді "әдемімін" деп мақтаушы едің ғой. Әдемі қыздардың арасында жоқсың. Сәулені қойшы, жалпы қыздар, сендер әрқайсысың қайталанбас сұлусыңдар. Әрбір қазақ қызы "ең сұлу" деген атаққа лайықты.

Әр адам үшін ең сұлу өз анасы, өз әпкесі, қарындасы және жұбайы. Бірақ мен бұл кісілерді Сәбинамен салыстыра алмаймын, себебі менің АНАМда, Әпкемде, әйелімде Сәбинадан 1000 есе әдемі. Мақтанғаным емес, әр адам үшін солай ғой.

Сонымен келесі эстафета таяқшасы Анара Мустафина ханымда.

Ерінбей назар аударып оқығандарға рахмет!



Бөлісу: