«Орда» тобының жаңа бейнебаяны 3 сағатта түсіріліп шықты

«Орда» тобының жаңа бейнебаяны 3 сағатта түсіріліп шықты
жеке
блог

Отандық шоу-бизнесте мұндай оқиға мүлдем болған емес. Сахна төрінде жүргеніне 10 жылдан асқан «Орда» тобының жігіттері «Ғашықсың ба?» атты бейнебаянын 3 сағатта түсіріп шығыпты.

Еліміздің шоу-бизнесінде ерекше бейнефильм түсірген  «Орда» тобы  көрермендерді тағы да таңғалдыруда. Жазда олар «Запрещенные танцы»  атты фильміне іріктеу жариялап, жеткіншектерді  түрлі би ағымдарына  үйреткен болатын. Ерекше туындыны сәуір айында еліміздің кинотеатрларынан тамашалауға болады. Ұйымдастырушылардың  мәлімдеуі бойынша,  фильм 2 тілде шығады. Jado  Сахиеваның мәліметіне сүйенсек, бейнефильм 2 бөлімнен тұрады.

Көрермендер  әнші әрі биші, сонымен қатар еліміздің сахнасындағы ең сәнді жігіттердің  шығармашылығындағы   6-шы бейнебаянды тамашалайтын болады.  «Ордалықтар» бұл фильмге саундтрек жасап, жаңа бейнебаянды  Алматы қаласының  әуежайында  3 сағатта түсіріпті.  

«Біздің бейнебаянға жазылған әуеннің авторы да,  режиссері де – Ерболат Беделхан», - деп «Орда» тобының мүшесі Есболат Беделхан мәлімдеді.      

Еске сала кетсек, «Орда» тобын  2000 жылы  ағайынды  Беделхан және Оразбековтер құрған болатын. «Ордалықтардың»  күйсандықтарында   «Белгісіз жан», «Кеш мені», “Meaning of the life” , «Jam on», «Қилы заман» атты әндеріне түсірген бейнебаяндардан өзге,  бірнеше күйтабақ болатын  сан алуан ән жинақтары бар.  Соңғы 12 жыл ішінде «Орда»  тобы Мәскеуде  “Music records“  дыбыс жазу студиясында күйтабағын жазып үлгерсе, Лондонда жеке концерттік бағдарламасын беріп қайтты.

 

http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=NlWdi9_M0iE - бейнебаяннық толық нұсқасы

http://1tv.kz/kk/news/culture/13022012/orda