Футболдың болғанына шүкір дейік, болмаса...

Футболдың болғанына шүкір дейік, болмаса...
жеке
блог

Футбол – миллиондар ойыны! Расындада солайма, деп сұрақ қойғанымыздың өзі орынсыз... Егер футбол болмағанында не болар еді? Көз алдымызға оны елестетудің өзі қиын енді. Пеле қарапайым бір жанұяның баласы ретінде өмір сүретін, көптің бірі болып жүре беретін... Осы сәтте футболдың болғанынада шүкір дегің келеді. Дұрыспа?

Өйткені өмірін футболсыз елестете алмайтындар саны аз емес. Бұл табиғи. Кез келген кісі футболшы болып кете алмайтыны тағы бар. Біреулер балалығынанақ футболшы болуды армандайды, бірақ, көпшілігінің бұл тілегі құр арман күйінде қалып кетеді. Ал біреулер болса футболға кездейсоқ келеді де, ешкім күтпеген атақ абыройға бөленеді.  Бұл блогымыз арқылы әлем футболының жұлдыздары футболшы болмағанда, қандай кәсіп егесі болу мүмкіндігі туралы айтып өтеміз. Ал, бастадық...

Футболға 20 жасында  кездейсоқ келген Бразилиялық “халық қуанышы” Мануэл дос Гарринча егер футболшы болмағанында міндетті түрде  дедектив болатын еді. Ол бұл жұмыстың қолынан келетініне өте сенімді болған. Футболдың болғанына шүкір дейсің! Болмаса  Гарринча деген дедектив туралы біздің естімесіміз анық еді.

  Англия премьер-лигасында гол соғу бойынша рекордшы Алан Ширерді ағаш ұстасы ретінде көз алдыңызға елестетуіңіз өте қиын. Неге ағаш ұстасы деп сұрайсыз ғой? Өйткені ол футболды таңдамағанында міндетті түрде ағаш ұстасы болатын еді. «Челси»дің ескі  форварды Дидье Дрогба балалығынан дәрігер болуды армандаған. Бірақ, бұл арманы арман күйінде қалды. Дидье бұл үшін ешқашан өкінбесе керек. Өйткені ол футбол арқылы үлкен байлыққа қол жеткізген. Ол футболды таңдағаны үшін тағдырына риза болуы керек. Кім білсін, дәрігер болғанда да біраз танымал болуы мүмкін еді, бірақ, футболдағыдай атақ абырой жинай алмас еді...

  Талайлардың жүрегін жаулаған Девид Бекхем футболшы болмағанда кім болатын еді? Стилист деп ойлайтын шығарсыз. Өйткені , оның шаш жасау тәсілдері бүгінде әлемде біраз танымал. Бірақ, Бекс стилист емес, архитектор болуды армандаған. Кім білсін, архитектор болғанында Лондонда Эйфел ғимаратынанда көркем ғимарат құрып өз атын бүкіл әлемге танытатынба еді? Өйткені, ол бұл жағынанда талантты ғой!!!

  Бүгінде өткен күннің қақпашысына айналғандардың бірі,  голландиялық киппер Эдвин Ван дер Саар футболды таңдамағанда спорт дүкенінің егесі немесе дене шынықтыру пәні оқытушысы болатын еді. Өйткені, ол нағыз спортшы. Бәрібір спорт саласынан алыстамас еді.

  «Арсенал» клубы тарихындағы ең үздік футболшылардан бірі болған Тьерри Анри футболшы болмағанында, «әкем бассейінге алып барғанында жүзуші болатын едім» деп жауап береді. Демек король Анридің футболшы болуына әкесінің септігі тигендігі анық...

 

Алешандро Пато бүгінде футболшы емес, физиотерапевт болып жүретінбе еді? Және кім білсін тағы? «Челси»дің сенген тауы Жон Терри балалығында футболшы болуды емес, керісінше, от сөндіруші болуды армандаған. Оның да арманы өткеннің еншісінде қалып кеткен. Бірақ, «Темір адам» өз тағдырына ренжулі десем, қатты қателескен болатын шығармын.

  2007 жылы әлемнің «ең үздік» футболшысы деп табылған  Кака әкесі сияқты инженер болатын еді. Егер ол инженер болғанда 2007 жылы әлемнің «ең үздік» футболшысы кім болатын еді? Өкініштісі, инженерлер осындай әріптестері болуынан футбол арқылы айырылған. Дұрыс болған! Не дейсіз?

  «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Рио Фердинанд футболшы болмағанында кім болатын еді? Рэпперма? Оқытушыма? Актер немесе архитекторма? Жоқ! Ешқайсысы. Ол өзі туылып өскен Саутваркта қарапайым (!) жұмысшы болуы мүмкін еді. «Интер» қорғаушысы Хавер Занеттиде өзі туылып өскен ортадан алыстамас еді. Ол астананың  порт бөлігінде ержеткендігі үшін теңізші болуы мүмкін еді...

  Футболшылардың көпшілігі бос уақыттарында балық аулауды жақсы көретінін білетін шығарсыздар... Бірақ, балалығында балықшы болуды армандаған футболшылар туралы білмейтін шығарсыз. Егер білмейтін болсаңыз, онда біліп алыңыз. Бұлар  «Шержүрек» жартылай қорғаушысы Женнаро Гаттузо және «Фенербахче» шабуылшысы Дирк Куйттер. Олардың балық аулап, аулаған балықтарын базарда сатып жүргенін көз алдыңызға елестете аласыз ба? Ия, жүзіңізде күлкі пайда болады...

  «Зидан жемі» италиялық «мақұлық» Марко Матерацци балалығында баскетболшы болуды армандаған, аңыз ойыншы Майкл Жордан оның спорттағы кумиры болып саналады. Марконың Жордан егелік еткен 23 санын өзіне алғаныда жайдан жай емес әрине. Оның  баскетболшы болуына тек қана футбол қарсы шыққан. Маркода баскетболшыларға тән болған барша қасиет бар. Үлкен кеуде, ұзын бой және ұзын тіл))) бойы аласа болуына қарамай германиялық Филип Лам да балалығында баскетболшы болуды қалаған. 

Кеңестер Одағы тұсында туылып ержеткен ресейлік Константин Зирянов және украиналық Андрей Шевченколар балалығында хоккейге көңіл қойған. Егер олар футболды таңдамағандарында бүгінде  хоккейші ретінде көз алдымызға елестермеді? Шева сондайақ теннисші болуыда мүмкін еді. Егер ол теннисші болғанында Роже Федерер, Рафаел Надалдармен бірге ойнай аларма еді? Дегенмен, футболдағыдай атақ абыройға қол жеткізуі өте қиын болатын еді ау. Балалығында теннисші болуды армандаған футболшылардан және бірі, бұл  ӘЧ-2010ның «ең үздік футболшысы» Диего Форлан. Ол да футболды таңдағанына рахмет айтса болады.

  Міне достар, біз жоғарыда есімдері аталған футболшыларды тек футбол арқылы білеміз. Олар  «миллиондар ойыны» себепті  миллиондаған жанкүйерлер жүрегінен орын алған. Егер басқа саланы таңдағандарында анау айтқандай ел алдында танымал болмас еді да. Өйткені, олар тек футбол үшін туылғандар. Шындығы керек, жоғарыда есімдері аталған футболшыларсыз да футбол жанкүйерлері азайып қалмайды, бірақ, олар арқылы футбол және де көркем... футболдың барына шүкір дейік, болмаса... Білмедім, болмаса не болар еді???