20-мундиалға арналған 20 факт

1. 1982 жылы Әлем кубогы Испанияда ұйымдастырылды және сол уақыттан бастап футбол әлемі бұл доданы қазірге дейін  испанша “мундиал”  сөзімен атап келеді.

 2. 1998 жылдан бастап мундиалда 32 құрама команда бақ сынайтын болды.

 3. Футбол бойынша алғашқы әлем  чемпионаты 1930 жылы Уругвайда ұйымдастырылған. Сол жылы  Уругвай тәуелсіздігінің 100 жылдығы тойланған.

 4.  Әлемнің тек 16 еліне ғана мундиалды өзінде өткеру бақыты бұйырған . Олар арасында  Мексика, Италия, Франция және Германияға бұл бақыт екі реттен бұйырған))). 2002 жылғы әлем чемпионаты 2 елде: Оңтүстік Корея және Жапонияда ұйымдастырылған. 

5.  1930 жылдан 1998 жылға дейінгі уақыт аралығында  чемпионат белдесулері тек Европа және Америка құрлығы мемлекеттерінде ғана өткерілген.

 6.  Мундиал кубогын алғаш болып париждік зергер Абель Лефлер жасаған. Ол жасаған кубокта гректердің жеңіс құдайы бейнеленген. Оның бойы 30см, ауырлығы 1кг 800г ды құраған. 1946 жылда халқаралық футбол федерациясы кубокты Жюля Риме есімімен атауды ұсыныс етеді. (Жюля Риме алғашқы әлем чемионатының ұйымдастырушысы және ФИФА ның сол уақытттағы президенти.)

 7. Жюля Риме кубогы 1930 - 1970 жылдар аралығында чемпиоттың бас жүлдесі болған. Чемпионат ережесі бойынша қайсы құрама мундиалда 3 рет жеңіске жетсе кубок мәнгілік сақталу үшін сол елде қалдырылатын болып келісілген. Солай етіп 1970 жылы Бразиля ұлттық құрамасы үшінші рет әлем чемпионы атанады және “Жюля Риме кубогы” Бразиля футбол федерациясына тапсырылады. Бірақ 1983 жылы кубокты белгісіз топ ұрлап кетеді, кубок тағдыры бүгінге дейін белгісіз.

 8. 1974 жылы  Италялық зергер  тәрепінен жаңа кубок дүниеге келді. Оның бойы 36 см, ауырлығы 4970 граммды құрайды. Ол таза алтыннан жасалған және еш кімге ешқашан мәнгілік сақтау үшін берілмейді. 

9. Әлем кубогында тек қана Аргентина, Германия, Италия және Бразиля ұлттық құрамалары  2 реттен жеңіске жеткен.

 10. Тек қана 79 ел әлем чемпионатының финал басқышында қатынасқан.

 11. Мундиал тарихындағы ең жақсы нәтиже Бразиля ұлттық құрамасына тиісті. Бразилялықтар 5 рет әлем чемпионы және 2 рет финалшысы есептеледі.

 12. Бүгінге дейін кубок тек қана Европа және Оңтүстік Америка құрылығындағы мемлекеттерге бұйырған.

 13. Әлем чемпионатының финалында ең көп кездескен құрамалар  Бразиля және Германия ұлттық құрамалары.

 14. Африка құрлығы құрамалары әлем чемпионатының жартылай финалынада шыға алмаған.

15. Италия ұлттық құрамасы өзінде чемпиондықты ең ұзақ сақтап қалған команда саналады.  1934 және 1938 жылы әлем чемпионы болған болса, 1942 және 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың болуына орай турнир ұйымдастырылмаған.

 16. Ұйымдастырылған  мундиалдар тарихында 6 мемлекет өз алаңдарында жеңіске жетіп, чемпион атанған.

 17. Мундиал тарихындағы ең голға бай чемпионат 1990 жылы Италияда өткен чемпионат.

 18. Әлем чемпионаттарының ең алғашқы голы 1930 жылы 13 июльде жергілікті уақытпен сағат 15:20 да франциялық Люсьен Лоран тәрепінен соғылған.

 19. 1930 жылғы мундиальда Уругвай ұлттық құрамасы құрамында бір қолды футболшы Эктор Кастро ойнаған. Осы футболшы чемпионатта соғылған ең соңғы голға авторлық еткен.

 20. 1930 жылғы әлем чемпионаты тек қана бір елде емес, бір ғана қалада ұйымдастырылған жалғыз чемпионат.



Бөлісу: