Қыздар неге ауылда тұрғысы келмейді?

Қыздар неге ауылда тұрғысы келмейді?
жеке
блог

Бұл қазақ жастары үшін нағыз дилема. Көп жастардың, әсіресе үйленбеген әрі әке-шешесі ауылда тұратын жігіттердің нағыз бас қатыратын сұрағы. Тіпті қыздардың өзі нақты жауабын білмесе де ауылдан қашады... Себебі не? Себебін анықтап көрсек.

Неке.кз сайтының әлеуметтік желілері арқылы сауалнама жүргізіп көрген едім. Вк әлеуметтік желісінде сауалнама анонимді түрде жүргізілгендіктен қыздар шынайы жауап бере алған сияқты. Сауалнамаға 100 қыз жауап берген. 


Өздеріңіз көріп отырғандай, 29 %-ы ауылда тұрғысы келмейтінін білдірген, бұл дегеніңіз соншалықты қорқынышты көрсеткіш емес, себебі бұл "қыздардың бәрі ауылға тұрғысы келмейді" деген жігіттердің санасында қалыптасып қалған комплекстің орынсыз екенін көрсетеді. 

Ал, 29 %- ы жағдайлары жасалса ауылда тұруға қарсы емес екендерін білдірген. Бұл дегеніңіз жігіттің жағдайының ғана емес ауылдың жағдайында ойлайтындары болып тұр. Ауылда істейтін жұмыс орны, ауылда баратын жерлер болса ауылда неге тұрмасқа? Қазіргі түсінікпен ойлайтын болсақ, ауылда интернетің жақсы ұстап, планшетін құшақтап жүре алса кез-келген адам келісетін сияқты. Бірақ светі мен связы дұрысталмаған ауылдарға интернет түсіндеде көре алмайтын арман ғой. 

Ал, сиыр сауу көріп отырғандарыңыздай мүлдем ешкімге қиындық туғызбайды екен. Сиыр сауу мен мал қарау ауылдағы жан үшін қиын болмаса да сырттан қарап тұрған адамға қашанда қиын боп көрінеді. 

Ауылда тұратын жігітке күйеуге шығу туралы әртүрлі жастағы қыздардың ойын білген ем: 

Әйгерім, 18 жаста: 

Иә. Жалпы өзім ауылда туылғандықтан келін болғанда да ешқандай қиындық көрмеймін деп ойлаймын. Тиісінше, қазір қалада өмір сүру қиындап кетті, тем более бәрі қымбат. Ал ауылда витаминдер тегін" деп азғын қиялым айтып отыр. Енді өз ойымды айтар болсам, көбісі ауылдан қалаға болашақ бар деп келіп жатыр. Ауылда нағыз өмір ғой. Егер өзіме таңдау берсе қайта ауылға барар едім. Келіндік өмірімді таңғы алтыда тұрып сәлем беріп, түнгі он екіде құлайтын "Супер келіншек" сияқты елестете алмаймын. Себебі олай қолымнан келе қоймас. Оның үстіне қазір ауылға бар жағдай жасалған, қаладан айырмашылығы шамалы.

Сания, 21 жаста: 

 Жоқ, ауылға келін болғым келмейді. Ауыл дегенде шалғайда жатқан жарық, газ жоқ ауылға бармас едім. Егер, аудан орталығында тұрса мүмкін. Үйдің кенжесі немесе жалғыз ұл болса ата-енеммен тұру керек қой. Егер, маңдайыма ауылға келін болу жазылса, келіндік міндетімді қолымнан келгенше атқарар едім. Таңдау болса, қалада тұрар едім.

Мен ауылда туып-өстім. Сол себептен, ауыл өмірі маған жақсы таныс. Кейбір адамдарға ауыл дегенде бірден қорадағы мал, шөп, кең дала елестейді ғой. Ауылдың түр-түрі бар. Нағыз мәдени ортаға айналған, дамыған ауылдар өте көп. Шынымды айтсам, сиыр сауып, құрт жайып, су тасып жүремін деп айта алмаймын. Маған ауылдағы келіндік өмір тапшанда отбасыма шай беріп отырғаныммен елестеді. Бірақ, алғашқы жылдары ауылда тұрғым келеді. Ата-енеме үйреніп, бауыр басып, туысқандармен жиі көрісіп, үлкен кісілердің батасын алған жақсы ғой. Келінің жақсы болса, Алланың берген сыйы дегенді жиі естимін. Меніңше, ауылға түскен келіндерге байланысты айтылған.))))

Д, 25 жаста: 

 Ауылда тұратын баланы жақсы көріп қалсам, ештеңеге қарамайтын жұп болар едім. Өйткені менің жаныма ауыл жақын. Білем, бұл сөзіме көп құрбыларым келіспейді. Біреулер мұны жәй жақсы көріну үшін айтады дер. Басқасы не десе өз еркі. Ал ауылдың баласын сыңар деп тапсам онымен бирге болар едім.

Ауыл кешегідей емес қазір ауыл көрікті. Білімің болса ауылдың бир мекемесіне қызметке орналаса аласыз. Келіндік қызметіммен жұмысымды қатар алатын жағдай болады деп есептеймін. Ауылдың келіні болуға үрке қарамаймын.

Ләйлім, 26 жаста:  

Тағдырыма қарсы шығып, асырып айтудан аулақпын. Бірақ, былай қарап тұрсаңыз, тағдырды өзгертетін адамның өзі емес пе? Сондықтан,маңдайыма ауылда тұратын азаматқа тұрысқа шығу жазылып жатса, шықпас едім, түбегейлі қарсымын.

"Ауылға келін болуға не кедергі?" дегенге жауап беретін болсам. Бірден бір себеп менің қалада өсуім дер едім. Бала кезімде ойын баласымын ғой, ауылға жібергенде аса қиын емес, керісінше қызық көрінетін. Есейе келе ауылға барғым келмейтін болды. Себебі барлық дүние далада, оның бәрі мен үшін азап сияқты көрінетін. Ауылдың өзіне тән қызықтары бар. Бірақ қалада өскен мен үшін қызықтарынан, қиындықтары мол сияқты болып көрінеді. Келін болғасын, келінге жүктелетін істердің бәрін істеуің керек. Ал менің қолымнан оның бірі келмейді. Бірнеше құрбым қалада өскен ауылға тұрмысқа шығып, 1-2 жыл өтпей ажырасып кетті. Барлығы дерлік, ауылдың өміріне шыдамады. Меніңше, адам өзінің әлі келетін дүниемен айналысу керек. Қазір анда-санда іс-сапармен ауылдарға барғанда бірнеше күнге, қиналып кетемін. Ал келін болып, сол жақта қалу тіпті де мүмкін емес.

Ауылға келін болуды мүлдем қаламайтындықтан, ауылдың келіні ретінде өзімді елестетіп көрмеппін. Барлық қазақтың туысы ауылда тұрады ғой. Сондықтан қаланың жігітіне шығып, ауылдағы туысқандарына қыдырып баруға қарсы емеспін.

Жансая, 27 жаста:  
Бұйырғаны-ауылға келін болу болса, әрине : ) ауылдан шыққан соң ба, ауылға келін болудан қорыққан емеспін. Ауылдағы келіндік өмірді қалай елестетесің деген сұраққа келер болсақ... мал сауу, отын жағып, су тасу, әрине, үкіметтің жұмысынан бос кезде. Осылай шығар, мен көріп жүрген ауылдағы келіндердің өмірі осылай ғой.

 

 

 

 

Автотордан: Бұл мәселеде де адамдардың материалдық жағдайының қатысы бар екенін. Түсіндіріп көрейін: 

Ауылдағы ауыр тірлікті көріп өскен қыз сол қораға қайта кіруден қорқады. Таңғы 6 тыдан тұрып сиыр сауып, ауылдың бітпейтін тірлігінен басталады. Күні-түні үй тірлігі, одан қалса көршілерге көмек ету. 

Өзіңе қарау қалады, жұмыс істесең бір жөн күнде сәнденіп жұмысқа барам ғой дейтін. Әдемі киімдерді сонда киермін ең құрмаса кремді сол кезде жағармын дерсің. Ал жұмыс істемесең оның бәрін істеп қайтесің? Тойға киетін бір-екі көйлек аларсың, қалғанын қайтесің?  Ұзын етек салпы етек үйде отырған әйелге сәнденіп қажеті қанша? Жағдайың болса қалағаныңды алып киерсің болмаса сол ауылдағы жүкендерден қарызға жеткенінше аларсың.

Сәніңді кімге көрсетесің? Жолдасыңа ма? Жарайды, ол сенің күтіміңді түсініп "менің жарым мен үшін сәнденеді" деп ұқса жақсы ұқпаса сорың дей бер "кім үшін сәнденіп, кімге көркіңді көрсетейін деп жүр едің?" деп шығып басыңнан күнде таяқ кетірмесе көрер едім күтінгенді. Оны қойшы, көре алмаған көршінің қатыны-ақ сені ауылға ***** жасап тастар, білесіз ауылда өсектің қандай екенін? Болмаса да болғандайғып соғатын *жақсы адамдар бар. Сонан соң жүріп көр басыңды көтеріп көшеде. 

Ал қала мен ауылдың келінін салыстырып көрдіңіз ба? Жарайды күні бойы мал соңында емес мектепте істейтін-ақ әйелді алыңыз, қаладағы 45 тегі келіншегіңіз қыздай құлпырып, бар тапқан-таянғанын үстіне киіп, сәнденіп қасы-көзін қиып тұр, ал ауылдағы 45 тегі әйел барын сап киініп, салонға барса да бетінің күңгірттігі мен қызыл шырайын жоя алмайды, фигура дегенді ұмытқалы қай заман, жарасады ау дегенін алып киіп келеді. 

Ауылда қазір не қызық бар? Тойдан басқа? Бар тұрғыны сол тойға барын киініп соған дайындалады, ал тойға да қазір жағдайы бар мәртебесі бар адамды ғана шақырады. Концерт? Қойыңызшы, Алматыдан 300 шақырым жерде тұрсам да ауылға концерт жылына екі рет қана келетін шығар. Театр ол жоқ, ал киноның аты өшкелі қай заман?. Оның үстіне оның бәріне сенің жарыңның түсінігі білімі мәдениеті керек, сені бір жаққа апарып сенің рухани байлығыңды ойлап балаға тәрбие беруші бағыттаушы реттінде сені дамытуды ойласа бір ғайып, күні бойы мал қарап, көмір тасып, ауыр тіршіліктің артында жүрген жолдасыңның оған мұршасы қайдан келсін?

Ол мына біздер, қалада отырып алып ананы-мынаны көріп алып күйемізден күнде гүл талап етіп апта сайын мені анда апар, анда барып демалғым келуді армандайтын... 

Тіпті оқу көріп, жан-жағын танып, салыстырып қалған қыздардың да қаладан ауылға барғысы келмейді, себебі олар ауылда тұрудың өз қиындығы барын. Жігіттерге алтын сырға: үйленгеннен кейін ауылда тұратын ойыңыз болса жас қызға үйленіңіз, әлі студент қызға ))). 

Қорытынды: сүйіктіңді ауылға алып кеткің келеді екен, жағдайын жаса! Ол өзін қай жақта жүрсе де сенің ханшайымың екенін сезінетіндей болсын.