Мені шаршатқан демалыс...
жеке
блог

Мені шаршатқан демалыс...

Көптен күттік, сағындық. Міне, келіп жетті. Жаз мезгілі өзіне сондай асықтырған еді.  Сабақтан шаршап,  арқаны кеңге салып «демалсақ» деп жоспарладық.  Әрине, демалыс кімге де болса жақсы шығар. Шегі жоқ ұйқы, қалауыңша интернет, одан қала берді режимсіз тамақтар, серуен тағысын тағы айта берсең шыға беретін дүниелер. Барлығы да осыны ұнататын шығар, иә? Бірақ маған ұнамайды десем сенесіздер ме?  Расымен, маған 5 күннен артық демалыс ұнамайды. Одан да қарбалас,  күйбең тіршілік,  қызу еңбек әлдеқайда көңілімді көншітеді. Мен демалыстан шаршап кеттім.  Өзім айналысатын істерден де жалыға бастадым. Менікі: жатып алып кітап оқу, жақсы киноларды үздіксіз қарау. Осылардан басқа ұсақ-түйек нәрселер ғана. Ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе бітірмедім. Соған кінәлі  - менің әлі екі жарым айға жалғасқан демалысым. Мүмкін, демалыс емес бар кінә өзіңнің жалқаулығың шығар деп те ойлайтын боларсыздар, алайда бәрі бір жалқау қылған сол демалыстар.  Ертең де күн бар ғой деумен уақыт өтіп жатыр. Ал, демалыс болмаса  мен расымен, сабақ уақытында, университетте жүріп бір талай істің басын қайырар едім. Бірааз іс тындырар едім, тіпті. Әттең-айй сабақ уақытым алтын екен ғой. Үйден шығып, дамылсыз қыдыра беруге, қалаған жеріңе бара беруге бір жағы ата-анаң, бір жағы қаражат көзі де жібермейді. Ал, өзімнің жұмыс ітеуіме ата-анам қарсы. Ештеңеден тарығып жатқан жоқпын, бірақ көңілімді алдайтын еді. Ал, енді осы демалыс «кітап және кино маусымы» болмақ мен үшін. Ал, сіздердің демалыстарыңыз қаалай өтіп жатыр, достар?! Мүмкін, мен білмейтін, қызықты демалыстар бар шығар, ортаға сала отырыңыздар!