Ангела Меркель Германия футболшыларын қолдап-қуаттауда

Кеше өткен Германия-Португалия кездесуін стадионда отырып Германия канцлері Ангела Меркельде тамашалады. Аталған кездесуде Германия ұлттық құрамасы Криштиану Роналду бастап келген Португалия ұлттық құрамасына ешқандай мүмкіндік бермеді. Ойын “неміс машинасы”ның 4:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесу аяқталған соң, канцлер футболшыларды құттықтау үшін олардың киініп-шешінетін бөлмесіне келді.  

Бұл жерде саясаткер футболшыларды жеңісімен құттықтап, суретке түсугеде үлгерді...

Осы сәтті пайдаланып, алаңда  9 минут әрекет еткен Лукас Подольски Ангела Меркель мен селфиге түсті.....



Бөлісу: