Месси досыма

Месси досыма
жеке
блог

МЕССИ ДОСЫМА

(футбол аңызының бір табынушысы)

 

Таңдап алып, талдап келген тәуірін,

Талайлардың сынға алар сабырын...

Мен үшінде мундиальда ойнайтын,

Аманбысың Месси атты бауырым....

 

Сеннен үміт, сеннен жеңіс күтемін,

Үзілмейді сенсіз менің күдерім...

Бразилия жақтан келер құстардан,

«Аргентина жеңді»,  деген күтем үн...

 

Менде, сенде ала доптың «жындысы»,

Футболдың біздер нағыз шын досы!!!

Үздіктерден үздіктер бар әлемде,

Месси ғана ең бағалы, құндысы...

 

Сенсіз маған, жасыл алаң бос алаң,

Ширақсың ғой, ойнамайсың босалаң,

Тосын келер жарақаттан аман бол,

Жүре берсін Мессиімдей, дос аман!!!

 

Сен жеңгенде сеніменен қуанам,

Жеңілгенде сеннен артық мұңаям...

Тек сәттілік ала доптың шебері,

Тфа, тфа... Месси досым бол аман!!!