Сегіз сері, бірақ бойдақ!

Сегіз сері, бірақ бойдақ!
жеке
блог

Тұрмысқа шығу – әр бойжеткеннің арманы. Ал көктегі емес, жердегі жұлдыздардың қалыңдығы болуды қиялдамайтын бойжеткен жоқ шығар.

Олай болса, еліміздегі «8 сері» болашақ жарын таңдап жүр. Мүмкін сіз лайық шығарсыз?!

Осы 8 серіге тән ортақ қадір-қасиет бірдей: танымал, табысты және ең бастысы, сүрбойдақ. Көктемнің шуақты мерекесінің қарсаңында «Еуразия» бірінші арнасы еліміздің бойжеткендерін  «8 серімен»  таныстырады.

Mysterions тобындағы жігіттерге көз жүгіртсек.   Арман – 23 жаста, жұлдызы - Тауешкі.  Болашақтағы  жарының  тек қана әдемі емес, тәрбиелі  болғанын қалайды. 1-2 жылдан соң үйленемін деп жоспарлап отыр.



 Дильен – 22 жаста, жұлдызы - Суқұйғыш.  Қалыңдығы міндетті түрде бойшаң, бота көзді, қолаң шашты болуы керек. Ал мінез-құлқы,  тым сыпайы да емес, тым селтеңдемеген де болуы шарт.  Бірақ әлі үйленуге дайын емес.  


 Ілияс – 23 жаста, жұлдызы -  Тауешкі. Болашақ жарына қойылатын талаптар: тәрбиелі, қарапайым, сыйласа білетін ару болуы тиіс. Ең бастысы, шынайы сүйіспеншілік орнауы қажет. Сұлулығынан да жан жылуы жыл өткен сайын молая түскенін қалайды.  Қалауындағы жанды тапса, бірден үйленуге дайын.

Ал әнші Жеңісхан – 27 жаста, жұлдызы - Торпақ.  Ең бастысы, ата-анасын қадір тұтатын  және ана болатын қыз керек.  «Үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, отау құрмастан бұрын,  қаржы мәселесін толықтай шешіп алу қажет. Дегенмен ол  өзінің сүйіктісін әлі кездестірмепті.

Арыстан Мырзагереев – 25 жаста, жұлдызы - Балық. Үй шаруасына ыңғайлы, мінезі қарапайым, бірақ оқыған-тоқығаны көп  бойжеткенді іздейді.  Бірақ іздену үстінде болғанымен, үйленуге дайын емес.

«Арнау» тобының әншісі Нұржан Керменбаев – 23 жаста, жұлдызы - Суқұйғыш.  Болашақ жарының жүрегінде иман, жүзінде мейірім болуы керек. Әзірге дөп басып айта алмайды, бірақ осы талаптарға сәйкес келетін бірер жан маңайында жүр. 

Еліміздің танымал «40 миллион теңге» жобасының жүргізушісі Әбдел Мұхтаров – 25 жаста, жұлдызы - Сарышаян.  Болашақ жары жан-жақты, ұшқыр ойлы, сұлудың сұлуы және өткір мінезді болуы керек. Әйтеуір, 30 жасқа дейін бір үйленермін дейді.

Ал Мұрат Мұтұрғанов – 27 жаста, жұлдызы - Торпақ.  Болашақ жары анасы сияқты байсалды болуы – басты шарт. Сондықтан ол «10 қалыңдықтың» арасынан адал жар табу үшін, арнайы реалити-шоу ұйымдастырып жатыр

Фототүсірілім GQ мейрамханасында орын алды 

http://1tv.kz/kk/news/photo/07032012/boidak#img