Футбол, футбол

Футбол, футбол
жеке
блог

Ееех, футбол /әзіл өлең/

Сан адамды көріпкел қып...болжатқан,

Радио мен көк жәшікті заржақтан.

Коментатор айтып жатыр соңғысын,

Жаңалықтың Бразилияда боп(-лып) жатқан.

 

Жаңалықты қағып алып құлағы,

Біреу күлді, біреу күйіп жылады.

«Жанкүйерлер аман болсын» деп тілеп,

Букмейкерлер өз бизнесін қылады.

 

Доп тепкеннің көре алмадым тозғанын,

Роналдо, Жерар, Мессилардай боздағын,

Тамашалап отырғанды тойғызып,

Сырахана жасап жатыр өз қамын

 

Футболдың да бар өзіндік жүйесі,

Жамандаман... тиіп жүрер киесі))

Бісмілләсін айтып кеше бастады,

Беташарын алаңның өз иесі.

 

Жынды адамша қара терге малынып,

Айқай салар аласұрып, қамығып,

«Қане... тепсей...қане енді..пас бер» деп,

Көк жәшікпен тілдесеміз, жалынып.

 

Не де болса финалды күтіп бағамыз,

Футболданып кетпесе игі санамыз.

Екі туып бір қалғаның ұтқандай,

Аласұрып «гол» деп айқай саламыз.

 

Жеңіліп жатса фаворитің сен күйдің,

Жеңіп жатса қуанғаннан жер сүйдің.

Басқасы басқа өзіме қатты ұнайды

Илариу атты қақпашысы Челсидің.