Сәлем, Массагет!)

Сәлем, Массагет!)
жеке
блог

Құрметті Массагет сайты! Frown Қалайсыздар? Сіздермен таныс болғаныма біраз уақыт болды ғой, бірақ соңғы кезде тіптен кірмей кеттім. Ренжімеңіздер иә?) Күннен күнге көркейіп, қолданушыларыңыз көбейіп келе жатқаны мені де қуантуда! Жарайсыздар! ФИФА-ның болжамына қатысып, өзімді бір белсенді сезініп отырмын. Оған сыйлық үшін емес, футболға қызыққанымнан қатысып жатырмын. Ал енді нақты мәселеге келетін болсақ, менің профилімдегі "Діни көзқарас" деген бөлімінде Христиан деп бұрыннан тұр. Өзгертейін десем, таппай қойдым. Форумға жаза салайын деп ашсам, ол жерге пікір де, жаңа тақырып та жазылмай тұр. Мені жақтырмағаны ма деп қалдым))) Бір жөнін табыңыздаршы өтініш! Әлде, көптен бері қолданбай кеткеннен, сайттың өзгерістерін түсіне алмай жатырмын ба екен?! Жұмыстарыңызға жеміс тілеймін!