ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЕРЕКШЕ ҚАЛАЛАР
жеке
блог

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЕРЕКШЕ ҚАЛАЛАР

«Жүре берсең, көре бересің» деп кім айтса да, тауып айтыпты. Бүгінгі таңға дейін неше түрлі ерекше қалаларды көріп келе жатырмыз. Бірақ, «адамның да адамы бар» дегендей, қалалардың да ерекше деп ауыз толтырып айтарлықтары бар екен.

 
1. Қоқысшылар қаласы.

 Мысыр елінің астанасы Каир қаласының маңындағы христиан кварталдарында орналасқан қала. Бұл аудан 1969 жылы қала әкімшілікгі қоқысшыларды бір жерге орналастыру идеясынан пайда болған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек бұл қаланың 40 000 тұрғыны бар екен.

 
2.Тауда орналасқан қалалар.

Адам баласы жанының тыныштығы үшін не нәрсеге бармайды дейсіз?! Біздің заманымыздың IV ғасырында буддалық монахтар тауға ілініп тұрған үйлерді сала бастаған және мұның басты мақсаты күйбең тіршіліктен алыста тіршілік ету болған.

3.Қала-княздік.


Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында ағылшындар Жерорта теңізіне мұнай өндіруші орындар секілді үйлерді неміс фашистерінен қорғану үшін салған.

4.Шыдамсыздарға арналмаған қала.

Боливия мемлекетінде жанартау кратерінің дәл маңайында орналасқан қала Ла-Пас. Қаланың орталығы өзі теңіз деңгейінен 3600 м биіктікте.

5.Көртышқандар қаласы.


Матамат қаласының ерекшелігі барлық үйлер терең індер секілді салынғанында. Мұндай үйлердің іші салқын болып келеді екен және бұл «инженерлік идея» қала тұрғындарына ыстықтан қорғануға мүмкіндік береді.

6.Оптимисттер ауылы.


Тайчунь ауылы түрлі түсті сәнді боялармен барлық үйлері көмкерілген мекен. Бірде 86 жастағы ауыл тұрғыны Хуан Юн-Фу соғыс кезінен қалған бояулармен өз үйінің қабырғасын әсемдей бастайды. Бұл идея жергілікті студенттерге ұнап, ауыл үйлерінің барлық қабырғаларын осылай бояп шығады. Бұл бояулар кішігірім ауылға Әлемдік танымалдық сыйлады.