Соңғы қоңырау

Міне, оқу жылы да аяқталды. Бақандай 3 ай сабақ болмайды. Бүгін соңғы қоңырау болды. Далада сызғыш сияқты түп-түзу боп тұрдық. Директор мектептің барлық үздік оқушыларына марапаттама берді. Сіңілім аурып, марапаттамасын өзі ала алмады. Мен мадақтама алсам да, Мөлдірдің ауырғанына қапаландым. Ол осы күнді қаатты күткен болатын.Ертең нағыз соңғы қоңырау болады. 11 сыныптар мектеппен қош айтысады. Айтпақшы, суреттегі мен.

11 сыныпты бітірген мектеп түлектерін Шын жүректен құттықтаймын! Өмірде өз орындарыңызды тауып, таланттарыңызды жетілдіре беріңіздер! Ең бастысы, өмір - сабақ екенін естеріңізден шығармаңыздар. Өнер үйреніп, жақсы мамандық иесі болыңыздар! Әр күннен өздеріңізге сабақ алыңыздар! Мықты дәрігер немесе мұғалім, не болмаса адал заңгер болыңыздар! Сіздерге Аспандарыңыз таза, Денсаулықтарыңыз мықты болсын дегім келеді.



Бөлісу: