Қай жылғы?

Мына қыз қай жылғы екен, ә?

Маңдайын тұрғандай күн сүйіп.

Қайтеді-ей, басып-ақ өте ма?

Туфлидің өкшесі тым биік.

 

Сүңгідей туфлидің өкшесі,

Көтеріп әрең тұр Жер-Ана.

Бұлтыңдап барады бөксесі,

Ойпырым-ай, моданың заманы,ә?!

 

Алдымнан кесе өтті мына қыз,

Елікті көрдің бе дегендей.

Амалсыз енді іштен тынамыз,

Орнында қасқайған емендей.

 

Артына қояды қыз қарап,

Жігіттің әр ісін баққандай.

Біз өкше тәніме біз қадап,

Көңілге қаяу сап жатқандай.

 

Неліктен көктемде тым қысқа,

Киініп шығады қыз біткен?

Сананы билеген тұрмыс па?

Осы ма гүл-көктем, біз күткен?!

 

04.04.14.

 

Олжас Болатбекұлы

 



Бөлісу: