жеке
блог

Сыйлық адамдарды жақындатады

Сыйлық десе, есіме бір оқиға түсе береді. Есіме түссе болды, күлем )

11 сыныпта ғой... Балаға жігітше қарап,  былай өзімізше қыз болып майыса бастаған кезіміз. ) Мектепте қыздар "жігітпен жүретін" және "жігітпен жүрмейтін" болып бөлінуші еді ғой ) Мен соның екіншісіне жататын едім және бұл мен үшін мәртебе болатын. Осы атағымды мектеп бітіргенше сақтаймын деп, ұнап тұрған адамдардың беттерін қайтарып жіберуші ем... Қазір ойланып қарасам, бәрі балалық )

Содан ия 11 сыныпта. Т. деген қаладан ауылға қыдырып келген баламен бір отырыста таныстық. Киім киісі, жүріс-тұрысы оның қалалық екенін әйгілеп, топырлаған ауылдың балаларынан өзгешелейтін. Өзі әлгі рэп оқитындар сияқты киінетін әрі рэп десе, ішкен асын жерге қоятын) Содан не керек, мен әлгі принципіме тұрып, оған әлбетте "Жоқ" дедім. Бірақ жүрек құрғырдың басқаша лүпілдеп тұрғанын ол да сезсе керек, қыңқылдап артымнан қалмады. Бір мейрамда маған үлкен әдемі шкатулка тарту етті. Шкатулканы ашып қалсам, ішінде күміс цепочка жатыр...деп айтқым келеді, бірақ ол цепочка емес, әлгі рэп оқитындар тағатын дәу шынжыр сияқты ше... )  сондай бірдеңе. Өзі ұзын. Орысша айтқанда "грубый" кулоны бар ) Кулонда "love" деген жазу. 

Ертеңінде "Сыйлығым ұнады ма?" деді. "Иә" дедім  ) "Онда неге мойныңа тақпайсың?" Өзі рэпті жанындай сүйетін болған соң, өзі үшін қымбат сыйлықты тарту еткен ғой. ) Бірақ шын мәнінде ол менің талғамыма сай келмейтін. Сондықтан, сыйды берер алдында Оның талғамымен санасыңыз! )

Енді рет-ретімен:

Қандай сыйлықтан бас тартар едім? Кейін өтеуін қажет ететін сыйлықтардан шығар... Артынан сұрауы болады деп жігіттердің қымбат сыйлық беруінен қашқақтаймын.) Сосын ақшалай сыйлықтан бас тартар едім. Біртүрлі сияқты )

Сізді жалықтырған сый? Ашықхаттар шығар ) Ал гүлдер жиі берілетініне қарамастан, ешқашан жалықтырған емес... 

Жалпы сыйлық беру адамдарды бір-біріне жақындатады деген сөздің жаны бар. Есейген сайын сыйлығымыз да есейетіндей. Мен біреу маған сыйлық берсе, оның артында не жатыр? деп ұзақ ойланамын ) Бірақ сол сыйдан соң,  көзқарасым жыли түседі шыны керек ) Сыйлықтың құдіреті деген осы шығар.

Эстафета таяғы Назирада! 


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі