Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Саусақ санамақ #6: 6-дан 10-ға дейінгі сандарды өзара көбейту

Саусақ санамақ #6: 6-дан 10-ға дейінгі сандарды өзара көбейту

Саусақ санамақ #6: 6-дан 10-ға дейінгі сандарды өзара көбейту

Өткен жолғы бір жазбамда сандарды 9-ға көбейтуді сөз еткенбіз. Енді 5-тен 10-ға дейінгі сандарды екі қолдың көмегімен көбейтуді үйренейік.

Алдымен қай саусақ қай санға сәйкес екендігін белгілеп алайық.

Сандарды көбейту

Енді көбейтуге кірісейік. Көбейткіштерге сәйкес саусақтарды бір-біріне тигізейік. Түйіскен саусақтардың жоғары жағындағы әр қолдың бос тұрған саусақтар санын бір-біріне көбейтейік. Шыққан санға қалған саусақтарды 10-ға көбейтіп барып қосайық. Көбейтіндіміз шыға келді!

"Мына Али өзі не деп кетті, ештеңе ұқпадым" деген шығарсыз. Шынымды айтсам, кезінде мен де суреттер мен мысалдарды көрмейінше пәлекет те ұқпап ем.

Мысал келтіре отырып талдайық. Айталық, 7х8. Суретке назар аударыңыз.

Сандарды көбейту, 7х8
Үсті: 3х2=6
Асты: 5х10=50
Барлығы: 50+6=56
7х8=56

Тағы бір мысал: 9х8.

Сандарды көбейту, 8х9
Үсті: 1х2=2
Асты: 7х10=70
Барлығы: 70+2=72
9х8=72

Соңғы мысал: 6х6.

Сандарды көбейту, 6х6

Үсті: 4х4=16
Асты: 2х10=20
Барлығы: 20+16=36
6х6=36

Енді түсінікті болған шығар.

"Саусақ санамақ" жазбалар циклын осымен доғарам. Әрине, талай әдістер қамтылмай қалды. Бірақ, бұл тақырыптан жалығып кеттім. Саусақтардан басқа да жазатын нәрсе аз емес қой. Әрі жетінші саусақтың суретін салуға да ерініп отырмын.

"Саусақ санамақтың" өткен тақырыптары:

Саусақ санамақ #1: бір қолмен 10-ға дейін санау Саусақ санамақ #2: бір қолмен 31-ге дейін санау Саусақ санамақ #3: екі қолмен 9-ға көбейту Саусақ санамақ #4: айдағы күн санын анықтау Саусақ санамақ #5: бір қолмен 12-ге дейін санау

Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 14 наурыз 2012, 10:57
Тегтер: саусақ, қол, көбейту, арифметика
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.