Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)

Әрбір адамның өзіне туған жері ыстық, әлбетте. Мен 19(...) жылы Байқоңыр қаласында дүниеге келгем. Байқоңыр қаласының тарихы қызықтырса, Google-дан іздесеңіз болады. Егер қызықтырмаса, онда Google сізге көмектесе алмайды. Дегенмен, әркімге өз туған жерінің алғашқы суреттері қатты қызық болуы керек. Ескі суреттерді айтамын да. Мен де Байқоңырдың ескі суреттерін іздеп таптым. Кейбір суреттер монтаждың арқасында ескіге айналған болуы да мүмкін. Жалпы, Байқоңырда болған адамдар "таза қала" деп жатады. 1955 жылы құрылысы жүргізіле бастаған. Ленинск қаласы деп аталып келген. Оның алдында құпия болуы үшін сандармен белгіленген. Байқоңыр деп қоңыр топыраққа бай өлке болғандықтан аталған. Өкінішке қарай, өңірдің қазіргі жағдайы басқаша. Протондар ұшып, озон қабаты тесіле берген соң, күн сәулесіне шомыламыз. Кейде "гептил" жейміз. Мутанттар туылмай жатыр. Туылса, "Өрмекші адамның" жалғасы осы қалада түсірілмек. Қызылорданың ағаштары кедергі болмас. Қайдааа!? Қызылорда Байқоңырдан 250 км жерде орналасқан. Қызылордаға бізден гөрі Шиелі жақын. Қалғанын география пәнінің апайы үйрете жатар. Сонымен, суреттер сөйлейді. Сөйлегенде көпіріп, былшыл етіп, аузы жабылмайын деп тұр.

  

Алғашқы қазық

 

Алғашқыда адамдар ақшатырда тұрған. Кейінірек құрылыс жұмыстары басталған.

 

Техниканың алғашқы жұмыстары

 

Алғашқы қызметтік мекеме және құрылыс жұмыстары

 

№30 мектеп. Ал мынау аэродром жақтағы бақылау пүнкіті

 

Әуежай. 1960 жыл

 

Екінші сурет: Гагарин көшесі

 

Қазақтар мекен еткен жер ғой

 

Әскери казарма мен саябақ. 1956 жыл

 

Комсомол саябағы. Ал бұл жерге кейінірек Королев ескерткіші қойылған.

ЖЭС. 1960 жыл

 

Бірінші сурет: бақылау пүнкіті. Орыстың мілсәлары құжатыңды тексереді :)

Байқоңыр қаласы. Мынау Сырдарияның төменгі ағысы-ау деймін.

 

Ленин алаңы. Ал мынау "Летний" кинотеатры. Мен барып көрмегем бірақ :)

Орталық мәдениет үйінің құрылысы. Осы жерге ғой "Шаншар", "Алдараспан", "Жігіттер", "Заттыбек", т.б. келетін.

 

Мәскеу авиация институты. Ал мынау Носов көшесі. 1960 жылдар

 

Офицерлердің үйі. Екінші сурет: алғашқы үйі.

 

Саябақ. Пионерлер сарайы. Бүгінде оқушылардың көбісі осы жерде әртүрлі үйірмелерге қатысады.

 

Пионерская көшесі (1957 жыл). Ал мынау алғашқы штаб (1956 жыл)

 

Полигон штабы. Ал мынау қазық қаққандағы суреттердің бірі.

 

Титов көшесі. Ал мынау универмаг.

Қызыл әскер көрген балалар футбол ойнап жүр. Пионер, комсомол балалар шығар :) iPhoneсыз өскен балалар қандай бақытты!



Бөлісу: