Бүркіт шыбын ауламайды /ЖД №1/

Бүркіт шыбын ауламайды /ЖД №1/
жеке
блог

        Оқушы кезде "Егемен Қазақстанға" жарияланып тұратын Қадыр Мырза Әлі атаның "Алмас жерде қалмас" деген қанатты көздерін күтіп, оқып, қиып алып, жинап жүруші ем. Студент болғанда сол қиындылар мен өзге де ғұламалардың нақыл сөздерін, қызықты мағлұматтарды бір "жерге" жинақтап едім. "Жәшігімнен" сол жасыл дәптерді қайта көріп қалдым да, ондағы "жақсыларымен" (негізі, бәрі жақсы) Сіздермен бөліскім келді.

*Жауызға айтқан жақсы сөз - суға жазған хатпен тең.

М.Әуезов.

*Білгеніңді барлық уақытта айта берме, бірақ барлық уақытта не айтарыңды біл.

М.Клаудиус

*Аз сөйле, көп тыңда. Аз сөйлеген қателеспес, аз жеген ентікпес.

Ә.Науаи

*Әр нәрседен хабардарлығыңа мақтанба, үндемегеніңді ғанибет көр.

П.Павленко

*Өзгенің сырын айтып қою - сатқындық,

Өз сырыңды айтып қою - ақымақтық.

Ф.Вольтер

*Ызақор адам көмірге ұқсас: күйдірмесе де, күйелейді.

Анахарсис

 

Рим ғұламаларының қанатты сөздері

*Бүркіт шыбын ауламайды.

*Есекті құлағынан таниды.

*Тамшы тасты күшпен емес, жиі тамшылаумен уатады.

*Ешкім де кемшіліксіз дүниеге келмейді, күнде де дақ бар.

*Бір әрекет үшін екі рет жазалауға болмайды.

*Қарны тоқ білімге ынтасыз.

н.ғ.: ...жасыл дәптердің жақсы жазбаларымен алда тағы бөлісемін, Алла қаласа...әрине, егер ұнаса...