Өзімнен бастайын десем...

Өзімнен бастайын десем...
жеке
блог

«Өзіңнен баста!» деген роликті көріп жүрегім елжіреп, бір тебіреніп алғаным бар.

МЕЙІРІМ деген керемет нәрсе ғой, шіркін. Ешбір бағаны, қайтарымды, есепті, мақтауды  керек қылмайды. Тек жүрек қалауың болса болды. Мейірімділік жасағаннан кейінгі сезімді сезініп көрген боларсыздар. Керемет қой!

Осыған орай өткенде мынадай көрініске куә болдым.

...Көліктің қатты «бақырған» дауысы назарымды бұрғызбай қалмады. Қарасам шағын жүк көлігінің бір дөңгелегі жыраға түсіп қалыпты. Жүргізуші ары-бері басып жатыр, шықпайды. Қасындағы кісі итерген болады, жалғыз адамнын күші жетсін ба. Айналада қаншама ер адамдар жүр, мені мазалағаны бәрінің жағдайды тамашалап қана тұрғаны. Өзімнен бастайын десем көлік итеретін күшім көп емес. Жүгіріп барып итерісу ешкімнің ойына келер емес. Көліктің күші жетер ма, қайтер екен деп тұрғандар бар шығар. Бәлкім танысым, туысым емес не үшін көмектесем деп ойлайтындар да бар болар. «Неге итерісіп жібермейді, қарап тұрғанша!!!» дедім шыдамай дауыстап кімге айтқаным белгісіз. Көмектесу есіне түсті ма әлде менің сөзімді естіді ма бір бозбала көмекке ұмтылды. Оны көріп тағы бірнешесі ұмтылды.

Жақсылық жасау бәріміздің қолымыздан келеді. Тек осылай дер кезінде жасауды ұмытып кетеміз. Ұмытып кеткеннен бұрын ойымызға кірмей қалатын кездер болады. Өз басымда да бар, «түү, жаңа ана кісіге былай көмектесу керек еді» деп жатам өтіп кеткен соң. Ұмытпас үшін «Өзіңнен баста!» ролигін жиі көріп тұру керек па деп қоямын.