«Реформа қысқа мерзімде атқарылғаны жөн»
жеке
блог

«Реформа қысқа мерзімде атқарылғаны жөн»

Лингвистикалық сұқбат 4

  •  Сонда аралық әліпби мен түпкілікті әліпбидің арасын қанша уақыт қамтуы мүмкін?
  • Аралық әліпбиді қалыптастырып сіңіруге бас-аяғы 2-3 жыл жеткілікті. Ал, түпкілікті латын қарыпты әліпбиді сіңіру 5-7 жылдан артық мерзімге созылмайды. Кәзіргі математикалық қамтымаларды қолдану арқылы түрлі программалармен тұтынушыны қолдайтын мүмкіндік пайда болады. Тіпті, ақылды саймандардың бәріне жаңа емлеге негізделген орфографиялық сөздік салып қойу қыйын емес. Мәселен, қолданушы компиутердегі Ворд құжатында мәтін тере бастағанда, оның дұрыстығын тексеретін Дұрыс жазу тексермесін (ДЖТ) кеңінен қолданысқа енгізуге болады. Үкіметтің қаулысымен елде сатылатын барлық компиутр атаулыға қазақ тілін қолдайтын қамтымалардың қоса жүруін міндеттеген жөн. Бұл - әлемдік саяси тәжірибе.

Ал, бір өкініштісі сол, біз кәзір жаңа әліпбиге дайындаған нәрсеміз бар болғаны 30 шақты латын қарпы ғана. Бұл – жаңа әліпбиге көшуге жеткілікті ресурс емес! Кәзіргі 42 әріппен көшпейтініміз белгілі, демек, емле өзгереді деген сөз.Ендеше соған сәйкес емле ережелері,тіпті, жаңа әліпбиге негізделген электрондық орфографиялық сөздік қоры да дайын болуы керек. Осының бәрі болмағаннан кейін, билік біржақты шешім қабылдауға жүрексінуде. Ғылыми лингвистикалық ресурс барынша осал әрі солғын тартып отыр. Бұған қоса, әзірліктің осалдығын бұқара да сезіп, түрлі алып-қашпа сөздің көбейуі де содан. Бұл мәселе неғұрлым кешуілдеген сайын, біздің тіл мәселесі қордаланып, шешуге қажетті мерзім барынша азайа түспек, сөйтіп уақыт тарапынан ұтыламыз.
Жаңа әліпбиді енгізу барысында нені ескерген жөн?
Әуелі барлық мәселені тыңғылықты түрде ғылыми ортада шешіп алу керек. Барлық  тұжырым мен пайым тек қана тілдің табиғаты мен қажетіне сәйкес критеримен қабылдануы тиіс. Сосын жаңа әліпбиді енгізуге керек барлық ресурс пен әлеуетті әзірлеп алып, сенімді түрде батыл қыймылдағанда ғана ешбір апатқа ұшырамай мақсатқа аман жетеміз. Және де жаңа әліпбиді қолданатын ортаны алдын ала анықтап алған абзал, менің ойымша кәзіргі егде жастағылар үшін жаңа әліпби маңызды еместігін ашып айтқан жөн. Оларды қыйнамай-ақ, тек қана жас ұрпаққа сүйеніп, бар жағдайды соларға бағыттау керек. Қысқасы, жаңа әліпби қазақ тілінің келешегі екендігін басын ашып алған жөн. Себебі, бұл мәселені кешеуілдетіп, барынша бөгет болып келген - әлгі жасамыс ұрпақ. Кешеуілдегеннен ұтқанымыз шамалы, жазу реформасы үшін дәйекті Уақыт алға тартуда.Бір ағамыз күні кешеге дейін «Ана тілі» газетінде кирил әліпбиін ақтауға жанын салып, жаңа әліпбиге барын сала қарсы болып келді. Ал, жағдай болса, басқа нәрсені көрсетіп отыр.

  • Қазір интернетте кирилше мен төте жазу арасында кедергі болмай бара жатыр, олай дейтыным: қазір        www.elarna.com, www.senkazakh.com сайттары екі қаріппен бір уақытта мәлімет алмаса алтын дәрежеге жетті. Бұл туралы білесіз бе, білсеңіз қалай ойлайсыз?
  • Бұл туралы білем, бірақ төте жазу менің қолданысымда болмағандықтан, ол мүмкіндікке қол артпағаным рас. Оған тек қана төте жазумен отырған Шығыстүркістандық қандастарымыз ғана мәжбүр болып отырған болар.Бірақ бір ұлтқа екі әліпби, екі қарып көптік етеді. Ол бәрібір тілдік шекара болып табылады. Уақытша өтпелі кезеңге ғана мұндай мүмкіндік керек. Бұл – екіге бөлініп екі мемлекет құрап отырған кәрейлер секілді жағдай. Интернеттен басқа ортада қалай ұғысамыз?

 
Сұхбаттың жалғасы бар.