Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі
жеке
блог

1Жыл сайын өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі Халықаралық Бизнес Университетінде сәуірдің 30-ы күні ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Алматы қаласының 20-дан астам ұйымы мен компаниялары қатысты. Олардың ішінде:  «Еуразиялық банк» АҚ, «Danone Bercut» ЖШС, Сбербанк, Head Hunter, «Elite» ЖШС, «Эфес Казахстан» АҚ ЖК, «Казкоммерцбанк» АҚ, «КЗИ Банк» АҚ, GRATA TRAINING, АНКОР ОРТАЛЫҚ АЗИЯ, Банк Хоум Кредит, «Авон Косметик (Қазақстан) Лимитед» ЖШС, «Teletrade Central Asia» ЖШС, EY, «Мұнай Сақтандыру Компания», Changellenge Kazakhstan, «Халық банк» АҚ және тағы да басқалары болды.

Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі жұмыс іздеп жүрген UIB студенттері белгілі жұмыстардың ретімен танысып, түйіндеме қалдырып және де жұмыс алды сұқбаттары жайлы келісіп алу мүмкіндіктеріне ие болды.

Іскер топты саралаушы супервайзер Ксения Волосникова: "Біздің компания ең алдымен адамдардан жұмыс істеу қабілетін талап етеді. Бүгінгі күнде біздің компанияда UIB-ді бітірген мамандардың біршамасы еңбек етуде",-дегенді айтты.

"Біз білімгерлерді жұмыспен қамту бағдарламасында Халықаралық Бизнес Университетімен үшінші жыл серіктесе жұмыс жасаудамыз. Бүгінгі жәрмеңкеге келгендердің саны өте көп. Мысалы, мен екі сағаттың ішінде 15 іскермен сұқбаттасып үлгердім. Адамдар бізден тек бос жұмыс орны жайлы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасу барысы жөнінде кеңестерімізді де сұрайды. Біз олардың бар сұранысын толық қамтамасыз етуге тырысамыз",- дейді «Еуразиялық банк» АҚ қызметкерлерінің іскерлігін дамыту және рекрутинг департаментінің бас маманы Батима Еспаева.

Жалпы іс-шараға 250-ден астам студент пен UIB-дің түлектері, қазіргі білікті мамандар қатысты.