Таулар да шөгеді, өзен де тартылады...

Таулар да шөгеді, өзен де тартылады...
жеке
блог

*** Әжесі "әй" десе, "үй" дейтін, қожасы "қой" десе, "бүй" дейтін, бесіктен әлі белі шықпаған"боқмұрындар" шешесіне "шәңкілдеп" сөйлеп, әкесіне "әңгіме айтқанын" көргенде...ащы өкініш өзекке кеп, тамағымды "қыжылдата", тырнап алды. Әй, Сорлы Болашақ, саған сенген мен де ақымақ (!) деп, өзімді кінәлай жөнделдім...
Н.ғ.: ...саны көп, сапасы жоқ бала бергенше... Бір бала бер, сол біреуге сана бер, Аллах.

*** Адамдар-ау өздеріңізден көңілімді қалдыра бермеңіздерші, менен көңілдеріңіз қалса да. Мен әлі де Сіздерді жақсы көремін, жақсы көргім келеді. Өзге ғаламшарды аңсата бермеңіздерші... Өтінемін. Құбылмаңыздаршы? Мен Сіздерді алғаш таныған күйде қалыңыздаршы? Сол күйде ұнайсыздар. Жүрегімнің сау жері бар әлі...

*** Түйсігіммен, санаммен, ойыммен, миыммен, бар болмысыммен, шын көңіліммен, бар ыждаһатыммен, жан-жүрегіммен қалаймын... Шын қалаймын...Мөлдір Мұңды...

*** Ин ша Алла, Анамнан кейін анамдай құшағына қысып, ақылын айтар, қызындай көрере екінші Анамды, Әкемдей маңдайымнан сүйіп, өз Әкемді қызғандырып, қызындай көрер екінші Әкемді... Аллах нәсіп етсе, болашақ отбасымды сағындым...сағынып жатырмын...
Н.ғ.: ...өткенді көп ойлайсың дейді маған. Ал, мінеки, Болашақ...

*** "Үйлену-парыз емес, үйленбеу-күнә емес". Менің жауабым. Әпкем тауып берді.

*** Бүгін сенде күн шықса, біреуге бұлт төнді, сенің басыңа бұлт төнсе, біреудің аспаны ашылып, күні шықты деп біл. Ешқашан тек жаңбыр жауып, не күн шығып тұра бермейді. Дүние алма...кезек... Оны мына қу жүрек те сезед(і)...

*** Біреуге есеп өмір, біреуге есек өмір, біреуге "кесек" өмір, біреуге "тезек" өмір, біреуге "өзекті" өмір, біреуге "кезекті" өмір...әйтеуір өмір атын алған Өмір...сүріліп жатыр өзінше. Менікі де осылардың біріндей. Шүкір! Тәуба...тәуба...

*** Менен басқа адамдардың барлығы өмір сүріп жатқан сияқты. Тек мен елдің мазасын алып, уақыттарын алып, құры босқа, сандалып жүргендеймін, ешқайда сыймай. Өмір сүру керек еді...негізі...

*** Сол орта, сол шеңбер, сол "қоғам", сол бір адамдар, сол бір...қаншама рет сол шеңберден шыққым, ол ортадан кеткім келді. Алайда, айналып қайта орала беремін, қайтара береді. Ол әдебиет әлемі. Тартпашы мені өзіңе, шақырмашы, Әдебиет...деп па) Рас, ол мен үшін емес, мен ол ортаға лайықты емеспін. Тоқтату керек шығар...

*** Тіліммен, ісіммен, қылығыммен, ойыммен, қолыммен, аяғыммен... жалпы менен әлдекімге әлдебір кесірім тиген болса осыған дейін, әлі де кесірім тиіп жүрген болса, КЕШІРІМ ӨТІНЕМІН, ТАНЫСТАРЫМ, ТУЫСТАРЫМ, ДОСТАРЫМ... ЖАЛПЫ АДАМЗАТ, БАСЫМДЫ ИІП КЕШІРІМ ӨТІНЕМІН!!! КЕШІРІҢІЗДЕРШІ МЕНІ... БӘРІ ҮШІН ДЕ...

*** Кеңірдекке келген өксікті өңешке қайта айдап, тамағымды жырып жібергенде, пышақ жүзіндей өткірлігімен жүрекке қайта жол тартқанда... Жүрегім-ау, жарылып кетпеші... Кешірші мені... дегім келеді... Жүрегім кінәлі емес-ау... Мөлдір Мұңым...

*** Айналдырған 5000 теңге. Бәрібір бізден кетіп, оларға бару керек 5000. Қалайда алулары керек 5000. Алайда, бәрі алуға қорқып, бір-біріне сілтей берді. Сәл азайтайсыз ба, дипломға да ақшамыз біраз шықты дегенім үшін, 12-ден 4-ке дейін анаған бар, анаған бар деп, бір-біріне жұмсап, 4 сағат уақытымды алды. Ақыр соңында, "айдаладағы" үшінші біреуге "беріп, кет" деді. Бәрібір өзара бөліп алатындары бар, не үшін адам уақытын алып, сонша салпақтатты, бет моншақтарын үзіп. Ертең бірінші емтихан. Дайындық осылай болды.

*** "Қауіпті", "қорқынышты", "жанымды жалмайтын", "кеудемді үрей кере түсетін", алқынып, мазасыз күйде, жанұшыра, айқайым сыртқа шықпай, жүрегімді қолыма ұстап, іштей жылап оянатын сәттерімнің бәріне соңғы кездері көріп жүрген қорқынышты түстерім кінәлі. Уақытты тексергендей түн ортасында шошып оянып, қараңғы терезеден сыртқа үңіліп, таңның тезірек атуын тілейтін күндерім көбейіп кетті. Сол бір сәттерді айтып жеткізе алмайды екенмін. Жанымда ешкім болмаса, жүрегім жарылып, өліп кетермін. Жанымда ешкім де жоқ. Тек Аллах демеу, Аллах сырласым, Аллах Барым. Енді қашанғы жалғасарын білмеймін. Елім, жерім, туыс, достарым аман болса екен. Адамның болашағы, не әлдебір келешегі туралы түйсігі, сезімі, нанымы, ниеті болады емес пе? Мен ниеттіммін жақсы "ертеңіме". Бірақ бүгіннен арғыны көре алмаймын. Ішімдегі арпалысты не мен, не ол мені алып, жығады. Қайсымыз жеңер екенбіз. Сол түстер сол шайқастың басталғанының белгісі шығар. Жүрегімді аяймын... Ол кінәлі емес...

*** Қарнымның ашқанын қарным ашқанда, тоңғанымды тоңғанымда, қуанғанымды қуанғанымда... білемін... Ал, бақыттымын ба, оны сол кезде айтайын, ә...

*** Гүл атауын алған өсімдіктердің барлығы дерлік әдемі емес. Әдемісінің иісі жағымсыз әрі әлсіз сабақты келсе, әдемі емесі жұпар иісті әрі мықты болып келеді. Кейбіреуі қысқа "ғұмыр" кешсе де, "келбетімен", ерекшелігімен, "иісімен", "нәзіктігімен" есте қалып жатады. Әдетімше, адамдар да сондай дегім келеді...

*** Кеше"м" өтпестей, ертеңі"м" келместей көрініп еді... Бүгін кешегі ертеңімде отырмын. Шүкір.

*** Доға, ол - доға, төртбұрыш, ол - төртбұрыш. Ол ешқашан домалақ, не сопақ болмайды. Адам да сондай. Сен, ол - сен, мен, ол - мен, ол, ол - ол...

 *** Біреудің бір жақсылығын көре қалсаң, не қуанасың, не қызғанасың. Қуану - қалыпты жайт. Ал, қызғану, іштарлықтан емес. Дәл соған ұқсас жақсылықтың маған да келері анық, тек сәл уақыт оздырып және басқаша түрде келетіндігін ойлап қызғанасың. Менікі сондай қызғаныш, Сіздерді білмеймін...

*** Келте бақыттың барындай келте мұң да бар.

Н.ғ.: "Мен Сізді бақытты қылуға, Сізбен бақытты болуға қарсы емеспін. Сіз ше?"... деп "қуған" күйде бүгінгі блокқа көп нүкте қояйын...

Сүгірет жеке мұрағаттан. Көктем-Досым болды.

 

Кеше"м" өтпестей, ертеңі"м" келместей көрініп еді... Бүгін кешегі ертеңімде отырмын. Шүкір.