Блогердің бір күні немесе орындалмаған жоспар...

Әр тақырып берген кезде ойыңа ерік берген қиын-ақ, соңына жете алмайсың...

"Блогерді не қызықтыруы мүмкін?", "ол қайда барады, не істейді, не жазады?" немесе "ой іздеген блогер қайда баруы мүмкін?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Мүмкін барлық күнім бұлай өтпеуі, дегенмен "блогер" деген атақ кейде сені осылай ұйықтатпауы мүмкін... Алдарыңызда менің бір күнімнен фоторепортаж. 

Бүгінгі күнімді әдеттегідей жұмыстан емес, көрмеден бастадым. Кез-келген интернет саласына берілген алматылық осы көрмеден табылды десе де болады. Биыл екінші рет өтіп отырған Internet Avenue көрмесінің бізге берері көп. (Осындай көрмелерді қазақ тілді аудиторияның өткізуін армандамайтын қазақ тілді сайт иелері жоқ шығар, себебі бұл үлкен жарнама алаңы ғой...)

 

Есік алдынан осындай әдемі қыздар күтіп алды. Бірақ, шынымды айтсам осы қыздардың көрмедегі міндеттерін түсіне алмадым. Міндеттері көрмеге келген әр адаммен суретке түсу екенін білсем де, оның қажеттілігін түсіне алмадым.

 

 Халықаралық көрме болғандықтан да бәрі жоғарғы дәрежеде болуы керек! Сахна, музыканттар, отыратын орындар, бастысы сапалы тамақтандыру.

Көрмеге жиналған адамда есеп жоқ, бәрі өзін көрсетіп, өздерін таныстырғысы келеді. Бәрінің түп мақсаты бір: "барынша пайдалы ақпарат алып, өз бәсекелестерінен жоғары болу".

Көрмеге келген әр компания өз дәрежесін көрсету үшін келеді, сондықтан да адамның назарын аударатын бар әрекетті істеп бағуда. Биыл көрмеге Қазақстан және Ресей компаниялары келген. Мүмкін, жақында қазақ тілді сайттар да өздерін таныстырып, осылай жарысқа түсетін күнге жетерміз... 

Осы кісіні қайдан көріп ем? Күні бойы екеуміздің жолымыз тоғыса берді... Көрмеде көрген жалғыз таныс кісім. 

Конференция мен көрмелердің басты мақсаты- ой алмасу, жаңа идеялармен танысу, өзіңді және компанияңды ұтымды жарнамалау. HH.kz сайты барлық көрмеде өздерін жақсы таныстырып келеді, арнайы барып "рахмет" айтып кеттім, жұмыс табуыма көп еңбектері тиді. 

Өзім мына кісілер келеді деген соң барғам, бірақ өкінішке орай келмеді. Гуглдың қызметкерлері Мария Моева мен Андрей Липатцев. Тікелей көпір жасауға тырысты, бірақ бәрібір адамның алдыңда тұрып түсіндіргенге жетпейді екен... 

Есесіне өзім ойламаған, бірақ көп мағлұмат алған Махмутова Дэлияның Яндекс өнімдері туралы жақсы ақпарат ала алдым, әрі келе алмаған кісілер үшін видеоға түсіріп үлгердім:

Дэлияның пайдалы ақпаратынан кейін жұмысқа оралдым, кеңсем туралы алдыңғы көктем жазбасынан көрген боларсыздар. Сондықтан ол жаққа тоқтамай-ақ қояйын.

Негізгі жоспарым Алматының қазіргі жастарының қыдыратын орындарынан көбірек ақпарат беру. Нұрқанат досым екеуміздің жолымыз бірінші Арбат жаққа түсті. Себебі, бүгін биылғы жылдың алғашқы ДомбыраПатиі болатынын білгенмін.

 

ДомбыраПати сәнін кіргізген әншілер мен күйшілер

         

Басында "бұл не?" деп таңқалып үрке қараған жұрт біздің қатарымызға қалай қосылып кеткендерін өздеріде білмей қалды.

                         

ДомбыраПати тарқағасын басқа жастардың көңіл көтеретін орындарын іздеуді ары қарай жалғасытырдық...

Ресторан.кз сайтының берген ақпараты бойынша Алматыда: 400 ресторан, 500 ге жуық кафе, 250 паб-бар, 50 ге жуық түнгі клуб бар. Әрине бұл есеп толық емес.

Алматыда кафелердің бағасы, баратын адамдар деңгейі, жасы тіпті киімдеріне қарап өзіңіздің қай районында орналасқан кафеде отырғаныңызды оңай анықтауға болады. Мысалы, Райымбек көшесін Алматы қаласының нақ ортасы деп алайық.

Райымбек көшесінен жоғары орналасқан кафелердің бағасы бір адамға шаққан кезде 3000- 30 000 тг арасында болады және бұл аудандағы кафелерге көбіне қалада өскен, оқыған адамдар барады және бұл жердегі кафелердің клубтардың көбіне арнайы дресс кодпен қана кіре аласыз. Бұл жаққа көбіне 25 тен асқан жастар барады. 

Райымбек көшесінің өзінде орналасқан кафелерге 2000-3000 тг ақшаңыз болса емін-еркін отырып көңіл көтеріп қайтуыңызға болады. Бұл көше ауылдан келген студенттердің ең сүйікті көңіл көтеретін орталықтары болып шықты.

Мынау Райымбек көшесінде орналасқан бір кафе, қасына барған кезде, тіпті ішінде отырған адамдар бұл жерді тек  кафе деп ойлайды, бірақ сіз астыңғы этажға түсіп көруді сұраңыз немесе "мен клубқа келіп едім" деп жөніңізді түсіндіріңіз, сонда сізді ешкім білмейтін жер асты клубына апарады. Арнайы дресс код сұрамаса да спорт кимімен келген адамдарды кіргізбеуге тырысады. Айтпақшы, жасыңыз 21 ден үлкен болуы міндетті. Бұл жерге әншілердің жиі келетінін біліп қалдық, нақтырақ айтсақ, бұл орын бір әншінің жеке иелігі... (тексерілген ақпарат, өкінішке орай ашып айта алмаймын).

Ал, Райымбек көшесінен төмен орналасқандарында баға 1000- 5000 тг арасында, бұл жерге көбіне әлеуметтік жағдайы орташа, әрі шығыс саздарын жақсы көретін адамдар барады әрі бұл жерге спорттық киіммен келсеңізде сізге ешкім "кимің бізге жарамайды" деп айта алмайды. Тіпті айна алдына тұрып өзіңіз билесеңізде сізге ешкім таңқалмайды. Әрі бұл жерден қыздарды қалаған уақытыңызға "сатып" алуға болады. Әрине, біз құсап даяшылардан сұрамай, би алаңына шығып ниетіңізді білдірсеңіз қыздар өзі келеді...

Кейбір кафелерде мынандай ескерту қағаздары ілініп тұр, "шайкаларға жол жоқ!" дегенді білдіреді. 

Барлық кафелердің кіре берісінде мынандай ойын автоматтары күтіп тұр, "билей алмайтын болсаңыз, қызбен таныса алмасаңыз сізге бізді ойнаудан басқа амал жоқ" деп тұрғандай. Бұл ойын автоматтарына жатпайтын түрлері болса да, құмар ойындардың бастауы екенін естен шығармаған дұрыс сияқты.

Мақсат- барынша жастар аралайтын жерлерге бару болатын, өкінішке орай уақыттың жоқтығы әрі әр кафе қожайыны мен админстраторларының әр ескертуінен ештеме түсіре алмадым, сондықтан мақсатым 100% орындалмады.

Бүгінгі күнім түнгі 2 де аяқталды. Біраз клубтар мен кафелердің админстраторларын танып қалдым, келесі де барсам басқалай сөйлесетіндерін айтып шығарып салды. Кейбірі арнайы қонаққа шақырды, ол енді басқа күнге арналған әңгіме...

P.S. Блогердің шектен шыққан қызығушылығы кейде фотоаппаратын тартып алатындай жағдайға жеткізуі мүмкін...

Суреттер қалтафонмен, фотоаппаратпен түсірілді, екі сурет интернеттен алынды. 



Бөлісу: