Грант ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма!

Грант ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алма!
жеке
блог

Марчин Леонардұлы Душински – UIB (Халықаралық Бизнес Университетінің) вице-президенті. Жоғары оқу орнын Ұлыбританияда тәмамдаған. Халықаралық экономика және менеджмент салалары бойынша 16 жыл ұстаздық еткен. Еуропалық компаниялар мен әлемнің көптеген елдеріндегі консалтингтік институттарда қызмет атқарды. Сондай-ақ ол еуропалық IT-секторында жетекші менеджер де болған. Ал оның қазіргі қызметі академиялық бағдарламалардың жұмысын жақсарту, халықаралық бағдарламалардың дамуы, стратегиялық менеджмент пен ұйымдастырушылық басқаруындағы өзгерістер мәселелеріне бағытталған.

«Халықаралық Бизнес Университеті осы екі ұғымды біріктіруге бел бұды. Еліміздің ҰБТ-дан жоғары балл иемденіп, біздің университетке түсуге талаптанған түлектеріне корпоративті гранттар бөледі.

Білімгерлер бірінші курсты тәмамдағаннан кейін-ақ Халық Банк, Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы, Альянс Банк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, AMANAT Insurance, Даму, LG, Alser, Logycom, Нұрбанк, КОММЕСК-ӨМІР, БТА Банк, Фортебанк, АзияКредитбанк, Банк Позитив, Мұнай Сақтандыру Компаниясы, Дельта Банк, БТА Ипотека, АТФ Банк, Номад, Сентрас Иншуранс, Цесна Банк, Аманат Иншуранс секілді компанияларда өз тәжірибелерін арттыру мүмкіндігіне ие болады.

Көптеген білімгерлер бизнестің осы саласында өз армандарын жүзеге асырғысы келетіні де белгілі.

UIB тек қаржылық жағынан пайда беріп қана қоймай, сонымен қатар түлектерге жақсы жұмыс орнын табуға да бар жағдайды жасайды. Бізде студенттердің қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің кез-келгенінде білім алуына жағдай жасалған.

Ал Алтын Белгі иегерлеріне UIB-дағы 4 жылдық оқу толықтай тегін!

Бәрі өз қолыңда, қадірменді талапкер! UIB-де білім алып, бизнес саласында үлкен жетістікке жету мүмкіндігін жіберіп алма!

ҰБТ-дан жоғары балл жинап, UIB-дің корпоративті грантын ұтып ал!

Мүмкін оған тек сен ғана қол жеткізе алатын шығарсың? UIB сенің армандарды орындайды!»