Журналистер назарына!

Егер Сіз блогер немесе журналист болсаңыз, «Астана таңдауы» жобасы аясында өз шеберлігіңізді көрсетуіңізге мүмкіндігіңіз  бар.

«Маңызды маман иелері» конкурсына қатысыңыз! Жұртшылықпен  -  «Педагог», «Қоғамдық көлік жүргізушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жол жөндеуші» және «Құрылысшы» мамандары қызметінің маңыздылығымен бөлісіңіз.

Байқаудың мақсаты   – қуатты сөз құралын пайдалана отырып, әлеуметтік желілер арқылы өскелең ұрпақтың санасында патриоттық сезім оятып, маңызды мамандық иелеріне құрмет көрсетуге шақыру.   

Конкурс жеңімпазы - Apple iPad Air сынды бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталады. Ең бастысы талай блогерлер мен журналистер арасында өзін мойындатуға мүмкіндік алады.

Конкурсқа қалай қатысуға болады?

 tandau@astana.kz эл.поштасына өтініш жолдаңыз.

Өтініште: Аты-жөніңіз, байланыс телефоныңыз, сондай-ақ, өзіңіз жариялаған кез-келген әлеуметтік желідегі пост сілтемесін көрсетіңіз.

Өтініштер мен ереже туралы толық ақпаратты осы жерден ала аласыз https://astana.gov.kz/kk/modules/material/4540.

Толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірінен біле аласыз.

8 (7172) 910-845, 910-842 (факс).



Бөлісу: