Сый деген жақсы ғой, жақсы...

Сый деген жақсы ғой, жақсы...
жеке
блог

Розатай қалқаға эстафета ұсынғаны үшін ырақыметімді айтамын.

1. Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Әйел адамға ыдыс-аяқ, қазан-ошақ сыйлаған неэтично екенін білем әйтеуір. Сырға, сақина әшекей бұйымдарға келгенде талғамым онша емес. Қалғаны қалтама қарай ғой. Қарындастарыма көбіне "не сыйлайын" деп сұрап аламын да сұрағанын алып беруге тырысамын.

2. Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Туған әпкемнен басқа ешкімнің сыйлығынан бас тартқан емеспін. Әпкем өзі қысылып жүрсе де маған келгенде соңғы тиынына дейін шығындалып, қымбат нәрсе алып беруге тырысады. Сондай кездері ашуланам. Алмай да қойған кездерім болған шығар.

3. Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

Ендіі-і, Ниссанның Мураносынан немесе Кашкайынан біреу, әл-Фараби көшесінің жоғарғы бетіндегі особняктадың қарапайым біреуін немесе өзімнің туған ауылым Түргеннен бір дача алып берсе соған дә мәз болам. Артық ештеңенің қажеті жоқ - десең, бетім бүлк етпей:). Шынын айтса, кез-келген сыйлыққа мәз болам. Мысалы кеше әріптесім Әзиз Жұмаділ бір құмсағат сыйлап еді. 8 наурызға қатысты екен деп қалмаңдар. Жәй, Астанаға барып келген еді, содан естелік болсын деп. Осы құмсағатқа риза болғанымды айтсаңшы.

 

Бүгін осы құмсағатпен (ұят болса да айтайын) жарты сағаттай ойнадым. Ары төңкеріп қоямын да қарап отырамын. Бері төңкеріп қоямын да қарап отырамын. Айтпақшы сағатпен есептеп едім, 3-ақ минутты құрады)).

4. Өміріңіздегі есте қалған сый?

Кішкене кезімде анам сыйлаған хоккей ойыншығы, атам сыйлаған белесепет, неміс кіндік шешем сыйлаған өзімнен үлкен камаз есімде қалыпты. Есейген соң алған сыйлықтарымның бәрі есімде.

5. Сізді жалықтырған кәдесыйлар?

Сыйлықтан жұлдыздар ғана жалығатын шығар.

Эстафетаны "алаштық" Арманға ұсынамын.