Құттықтар едім анамды...

«Анашым, мерекеңізбен!!!»,- деп ең әдемі қызыл-сары үлкееен шоқ гүлдерін сыйласам ғой, шіркін! Ыстық құшағына кіріп, жаураған жүрегімді жылытар ма едім...

Таңертең ұйқымнан ояна сала, жақын адамдарымды құттықтауға кірістім. Бірақ, бар жылуын маған беріп, «қызым, алтыным, құлыншағым» деген сөздерді естімедім. Мереке басталмас бұрын жанымдағы қыздарға «мені ертең 8-наурызда «ОЛ»-ым құттықтамайды. Мен білетін «Ол» мен жайлы есіне де түсірмейді»,-деп әзілдегенмін. Ал олар болса, қарсы жауаптарын айтып, пікірлерін білдірген. Қоңыраулар мен хабарламалар толассыз келіп жатыр менің оны күтуден жалықпайтын телефоныма. Телефоным безек қаққан сайын оны тосады жанарым да... Менің жан дүнием бұл «дәстүрге» де үйреніп алған, қалыпты жағдай секілді. Әрине 2000 контактысы болса, оның шамамен 1900-ы қыздар болар. Соларды құттықтап үлгерсе де болар. Ал мен..менің өкпелесем де өзінен кете алмайтынымды біледі, өкпелеген сыңай таныта қалсам, қайта қалпыма түсіре салады әдемі күлкісімен, жылы сөздерімен. Мені аңқау, ақымақ деп ойлап отырған боларсыз, шын сүйе білгендер ғана түсінер, ол – бір, ал екіншіден оның бір минут бос уақыты болмайды, әсіресе мереке күндері...жаңа жобалар, жүргізушілік...толып жатқан бірі бітсе, екіншісі дайын тұрар істер.

Әңгімемді анам жайлы бастаған екенмін ғой...))) Иа, ес білгелі анаммен бір де бір көктемді және сол көктемдегі аруларға көрік берер мерекені қарсы алмаппын...Ол кезде 1-сынып та едім, қазір 1-курстамын,уақыт жеткізер емес. Цунамидің салдарынан 24 емес 23 сағат болды ғой 1 тәулікте. Енді 22 сағат болып қалмай тұрғанда, маңызды деген істермен айналысып, жақын адамдарыңыз жаныңызда жүргенде қуаныш сыйлап қалыңыздар...

МАМА, мереке құтты болсын!!!



Бөлісу: