ҒАШЫҚТАР КҮНІНЕ ҚАЙ КҮН ЛАЙЫҚ?
блог
Бүгін,яғни 15 көкекті қазақ баспасөзі Ғашықтар күні деп насиқаттағалы бірнеше жыл болды. Бірақ сөзден арыға бармай жүр. Әу баста "Жас алаштың" бастамасымен Валентин күніне қарсы насиқат ретінде басталған. Соңығ кездері "Валентиннің" дәмі кете бастады, бірақ содан біздің ғашықтығымыз күшейіп кетпей тұр. Бұған бірнеше себеп бар:
1. Аталмыш күнді Қозы-Көрпеш күні дегенмен, ол жырға да Қозы мен Баянға да байланыстыратын дәйек жоқ. Әншейін Алматыдағы көктемнің жақсы күндері болғасын алына салған.
2. Белгіленген мерекенің атрибуты, белгісі, дәстүрі жоқ...
Одан әріге бармай-ақ, осы жерден тоқтап, мына нәрсені қоса кеткенді жөн көрдік.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қыз-Жібек жырының 500 жылдығы аталып өтті, ол ЮНЕСКО деңгейінде тіркелді. Бұл жыр қазақтан басқа түркілерге тиесілі емес, нағыз қазақы ғашықтық бренд! Ал, басқа ғашықтық дастандары мен тарихына өзге түркілердің таласы бар. Екіншіден, қазақты әлемге алғаш әйгілеген өнер де осы "Қыз Жібек" фильмі. Бұл - айнымаған Ромео-Джулеттаның далалық нұсқасы. Қызығы сол, Жібектің рөліне қыз таңдау кастингі 1970 жылы 19 мамыр күні (Меруерт Өтекешованың әлі күнге дейін есінде, өзім хабарласып арнайы анықтағам) өткен. Міне, осы күн - қазақ ғашықтық сезімін әйгілеуге, насиқаттауға лайық күн емес пе?
Рас, Жібек пен Төлеген Қозы мен Баян секілді баянсыз махаббат үлгісі, бірақ оны баянды етіп, жалғастырып Меруерт пен Құмандар әлі тірі жүрген жоқ па? Атрибут та, миф те, дәстүр де тұнып тұр. Оның үстіне мамыр айы қазақты былай қойғанда бар халық үшін махаббат айы! Осы күнді таңдап, биылдан бастап қолға алған абзал болар еді.