Ең үздік құттықтау!

Ең үздік құттықтау!
жеке
блог

Барлықтарыңызды ертеңгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! 

Осы мерекеге орай өз атымнан кішігірім конкурс өткізсем деген ой келді. Тақырыптан байқаған боларсыздар, 15- сәуір "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күініне орай құттықтау жарысын өткізгім келеді. Ол жерде сіз өз сүйіктіңізді өзіңіз қалаған форматта құттықтай аласыз.

Ескертетін жәйт: жәй текст жаза салу, жәй суреттермен блог жаза салушылардың, жәй өлең шығара салушылардың жеңіске деген мүмкіндігі аз болады.

Сонда не істейм? Ойлаңыз, қиялдаңыз, қиялға ерік беріңіз.  Мысалы: арнайы тамақ пісіріңіз (рецепті мен жасалу жолын жазасыз) және оған оны сыйлай алатындай болсын. Сурет салыңыз, мультик жасаңыз, кесте тігіңіз. Мен сіздерге сенем, оригиналды құттықтау жолдарын білесіздер және оны бізбен бөлісе аласыздар! Ізденіңіздер, қиялдаңыздар! Интернеттен көмек алсаңыздар да ол сіздердің қолдарыңыздан шыққан немесе сіздің қиылыңыздан туған нәрсе болса жақсы болар еді. 

Кімдер қатыса алады: Бәріңіз. Барлық массагет сайтын тұрақты қолданушылар. 

Кімдер бағалайды: Анар екеуміз бағалайтын боламыз. 

Қандай сыйлық беріледі: 1- орынға 1000 ед, 2- орынға 700 ед, 3- орынға 500 ед. Қосымша тағы сыйлықтар болады. 

Жарыс 18- сәуір күні кешкі 17 00 де тоқтатылып, сағат 19 00 ге шейін қорытындысы айтылады. 

Ал, іске сәт! Блогтарыңызға мен не Анар пікір жазбаған болсақ осы блог астына пікір ретінде блогтарыңызға сілтеме салыңыздар!. 

Айтпақшы, мен де демеуші болам деушілер болса қуана қарсы алам :)