15 сәуірді неге тойламаймыз Валентиндей?
жеке
блог

15 сәуірді неге тойламаймыз Валентиндей?

Бұл кеш "Махаббат, қызық мол жылдар" тобының бастамасымен жылына 1 рет 15 сәуір қарсаңында қазақ жастарының басын қосып, Ғашықтар мерекесін лайықты деңгейде атап өту үшін ұйымдастырылады. Кештің ерекшелігі: келген қонақтарға сый сусын қымыз тегін таратылып, қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоудың және қызықты ойын-сауықтық арнайы бағдарламаның болуында. Кешке дейін ғаламторда көптеген конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар осы кеш барысында марапатталады. "Бұл кеш 2000-шы жылдары пайда болған "Ғашықтар күнін" насихаттауға өте үлкен септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда осы кешке ұқсас басқа да шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіледі. Басты мақсатымыз клубтық тематикаға қызығатын жастарды уақыт өте ұлттық құндылықпен сусындатып, олардың ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын арттыру. Бұл тек бастамасы, алда әлі ойда жүрген көптеген жобалар бар." - дейді ұйымдастырушылар. Осы жылы 15 сәуір аптаның ортасына түсіп тұрғандықтан, кеш 13 сәуір (жексенбі) күні өткізілмек. Кеште «Алдаспан» тобы, Ғалымжан Молданазар, «Қазақстан дауысы» жобасының финалисі Тимур Омаров, «V alem» және «Сарын» тобы ән салса, жүргізуші дарынды жас актер Әсет Есжан болмақ. Өткізілетін жері «Метро» түнгі клубы.

кештің билеті мынандай