Сен. Мен.

Сен. Мен.
жеке
блог

 

Сен гүлге ұқсадың,
Мен кімге ұқсадым?
Күн өлсе қып-қызыл боп,
Төбемнен түн қысқаны.

Сен айға кеттің,
Мен қайда кеттім?
Жұпарың жұтындырып,
Жанымнан жайлап өттің.

Сен қас кермедің,
Мен бас бермедім.
Тәкәппар қалпыңмен сол
Көрікті, қастерлі едің.

Сен сүйікті едің,
Мен биікте едім.
Жолымыз түйіспеді
Қосылып күйікке мұң.

Сен... еркесі едің,
Мен... серкесі едім.
Өзіңсіз өмір бойы
Суықтау ер төсегі.

Сен кінәсіз ең,
Мен кінәшіл ем.
Кетті екен (Тәңірінің) қанша құлы
Көміліп күнәсімен?

Сен оралмадың.
Мен оралмадым.
Әркімдер әр тараптан
Іздейді жоғалғанын.

Сен жалғыз едің...
Мен жалғыз едім...


2014 жыл Наурыз.