Ерекше есімдер

Ерекше есімдер
жеке
блог

Есім... . Дүниеге перзент келсе дүйім жұрт болып әдемі есім іздейтін әдетіміз бар қазақпыз. Өз дәстүрімізге әдет ғұрпымызға сай ерекшелігі мол, өзге ұлтта ұшырамайтын есімдеріміздің бары да рас. Десек те ата -  бабаларымыз нәрестенің дүниеге келген күніне байланысты да Наурызбай, Боранбай, Дауылбай, Сәуірхан, түз тағлысына  деген құрметпен Қасқырбай, Арыстан секілді де есімдерді дүниеге әкелген.

            Сондай ақ біздің тарихымызда санулы тұлғалар ғана еге болған ерекше есімдерде жоқ емес. Атап айтсақ сонау IX ғасырда өмір сүрген Шөже, Көтібар, Шеге секілді есімдер. Тақырыптан ауытқымай сол ерекше есімдер жайында сөз қозғасақ.

            Ерекше есім - естілгенде елең еткізетін, сирек кездесетін кісі есімі. Көп несе сәбиге ат таңдауда эмоцияға берілген уақытта туындайды. Олай дейтініміздің де себебі бар. Қазақ жерінде тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындар уақытында елімізде туылған 40 нәресте Азияда есімін егелеген екен. Ерекшелігіне сөз жоқ, бірақта қазақ қызына осы есім қаншалықты жарасады, есімінің астары пәктік, тазалық, адалдық ұғымдарымен астарласып жатқан ұрпақтың жалғасы екендігімізді ескерсек, сұрай қалғанға қандай мағынасын ашып берер екенбіз. Дегенмен спорт бәсекелері өту уақытында қуаныштарында жек жоқ халықтың осындай атау беруі адамзат тарихында көптеп кездеседі.

            Сол есімнің ең аты шулысы хәм бірегейі Олимпиада! Аты көрсетіп тұрғандай төрт күл әлемнің кіл дүлділдерін әр төрт жыл сайын бас қостырар ойындар атауы, мағынасы да ерекше. Грек тілінен тәржімаласақ «аспанды жырлау» немесе «құдайды жырлау» мағынасын береді.

            Осы жылы Ресей статистика мамандары Сочи Олимпиадасы алдынан осы есімді егелеген ресей азаматтарының мониторингін жасапты. Мониторинг нәтижесі төмендегіше: «Олимпиада есімінің кең тараған екі ауданы белігілі болды: бірі Саратов облысы мен Челябинск облысы. Мұндай сирек кездесетін есімді көбіне жасы үлкен кісілер иеленгені де белгілі болды.

Саратов облысында Олимпиада есімді 65 әйел адам өмір сүреді екен. Оның ең үлкенінің жасы 93 ке толса ал ең кішісінің жасы 7 жаста болып шықты. Оның ішінде Саратов қаласының өзінде 27,  Вольск қаласында 9, Балаковта 8 Олимпиада өмір сүріп жатыр екен. Ал 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы кезінде тек бір ғана қыздың бұл есімге ие болғаны белгілі болды.

Ал Челябинск облысында Олимпиада есімді 124 апаның өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Олардың 64 нде Олимпиада болса, 60 ның паспортында «Алимпиада» деп жазылған екен. Бұл апалардың бәріне грек құдайларының әсер болса керек, көбінің жасы 80 ді алқымдап қалыпты.  Олимпиада Блинованың жасы 95 ке келген. Ал оның Усть-Катавадағы аттасы Олимпиада Автиннің жасы 90 да, 1924 жылы Францияда өткен алғашқы қысқы олимпиада кезінде өмірге келген.». Ал, әлемде осы есімді иеленген ең танымал тұлға Александр Македонскийдің анасы Олимпиада Эпирлік екен.

Біз негізі сіздерді ерекше есімдермен таныстыру мақсатында болған едік. Десек те, түбінде балаға есім беруде жаңылыспаған, сол есім оның өмір бойы бой тұмары боларын білген, естілер құлаққа жағымды, мағынасы көрегендігімізді көрсетер қазақ екенімізді ескеріп осы есім қоюдың кейбір тұстарына да тоқтап кетуді жөн көрдік.  Ең өкініштісі, ата - аналарымыздың әр күні зарыға күтетін серилдарының салдарынан сол кино кейіпкерлері есімін өз ұл - қызына қоя салуы. Сондықтан да біз үшін жат есім болған Мелек, Шахризада, Эмирхан, Ясмин, Эсмиральда, Изабеллалар арамызда бүгінде көбейіп келеді.

Ия, кім қалай есім қоямын десе де өз еркі. Ешкімге тосқауыл қою алмайсыз. Жазу түгі бір естігенде айтылуы да қиындау есімдер елімізде де бар екен. Ал онда таныс болыңыз:  Мухаматабдульахап, Әбілфайыз, Иринеюс, Константаймсейсар, Габриэль Юсеф, Дэмел, Ямила, Мұхамедсалин, Абдулалим, Алиар, Ляян, Шамир, Сивинна, Махсумя.

Ерекше есім сирек кездесетін есімдер дегенбіз. Дегенмен, ерекше болса да көп кездесетін есімдерде баршылық. Радий, Антонио, Ливия, Талисман секілді кісі аттары елімізде жетерлік.  Бір ғана Үндістанның ұлттық қахарманы Индира Ганди құрметіне қойылған есім елімізде 10 000 нан асып жығылады екен. Ерекше есім арқалап ел ішінде жүрген жандар да бар. Соның бірі «Айтуға оңай» бағдарламасының продюссері Аргентина Жәнібек.

Ұмытып барады екенмін, Саммитбек, Саммитхан, Саммит. Ия, жаңылыспадыңыз ОБСЕ нен елімізде өткен саммиті уақытында дүниеге келгендер ғой. Бұл есімде ерекше есімдер қатарында. Ұмытып есіңе бір мәлімет қайта түссе соңынан ұмытқандарыңды қайта еске ала бастайсың. Айтқандай бізде Дипломбекте бар екен ғой. Дипломбек Жахияұлы, әкесі жоғары оқу орнын бітіріп, дипломмен оралғанында туылған перзент. Ия, ерекше есім қояудан да қазақ артта қалмаған.

Мексиканың Сонора штатында жаңа туылған сәбилерге "ерекше" есімдер қоюға тыйым салыныпты. "Ата-анасының еркіне қарсы тұра алмайтын нәрестелер өсе келе өз атынан ұялып немесе қорлық көріп өмір сүрмеуі тиіс", - дейді жергілікті билік өкілдері.

Тыйым салынған тізімде 61 есім бар екен. Олардың қатарында Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен сынды фильм кейіпкерлері мен тағамдардың атаулары кездеседі. Билік өкілдері сондай-ақ, Сонора Суйіктісі, Сонора Күні сынды сөз тіркестерін де адам атын қоярда қолданбауын талап етіп отыр.

Жаңа заңның басты мақсаты - сәбилердің өскен кезде өз атынан өзі ұялуына жол бермеу.  Қара тізімде Фэйсбук, Твиттер деген адам есімдері де кездеседі.

Көрдіңізбе алыс Еуропа есіміне мән бере бастапты. Дұрыс істейді, ел болашағы болар туылған әр бір сәби мәнімен мағынасы мол есімге лайық, солай болуыда шарт.

Олай болса ағайын ерекше есімдерге еліктемей, нағыз ұлтымызға тән есімдерімізбен әлемнен ерекшеленеік. Олар бізге таңданатын болсын!!!