Капитан Америка немесе әлемге суперқаһармандар керек

Капитан Америка немесе әлемге суперқаһармандар керек
жеке
блог

Күніне көрген киноларымыздың әр қайсысы өзімізге әр қалай әсер етіп жатады. Бірі жақсылыққа жетелесе бірі қиялымызға ерік беруге итермелейді... 

Қарап отырсам адамзаттың арманы ешкімге мойымайтын, ештемеге сынбайтын, қарусыз да, ешқандай көмексіз ұша алатын, соғыса алатын "суперқаһарман" 

жасауды арман етеді. Ол әсіресе өз үстімдігін жүргізгісі келетін елдерге керемет қару болар еді, ал қарапайым адамға жақсы көмекші, жақсы құтқарушы да болар еді... 

Кейде деймін де, бізге де бір осындай суперқаһарман керек пе деп ойлаймын, Көкпектідегідей жағдайда мүмкін көмегі тиер ме еді...

Кеше көрген "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" киносының да туындауы да сол арманның жемісі деп ойлаймын, әрине тарихына жүгірмесек те адамдарға соғыс кезінде көмекке келетін суперқаһарман бейнесін жақсы жасай білген. 

Кек алушылар командасының жойқын шайқасынан кейін, Стив Роджерс қазіргі өмірге бейімделуге тырысады. Бірақ, ол өзі өмірге келген кезеңнен қалыптасып қалған түсінігі бойынша қазіргі заманда өмір сүрудің қиын екеннін 1- күннен түсіне бастайды. Адамдардың өз мақсатына бару үшін досын да сатып кету мен қатар өзін өлді санататындай жағдайда екенін бейхабар еді... Әлемді жойып "Гидра" саясатын іске асыру мақсатында барлық қоғамға қауіпті деген адамдарды бірден жойып жіберетін қару ойластырылады. Бірақ, ол қарудан да қауіптісі оның өз досының өзі сияқты супер мықтыға айналғаны...

Фантастиканы, қырғын төбелесті, жоғарғы технология, Скарлетті жақсы көретін мен үшін бұл кино ерекше ұнады. Атыс-шабыста, керемет технологияда, актерларда бір-біріне жарасып-ақ тұр. Тіпті арасында айтылған әзілдерде ұнады. Тек атыс-шабыс екен десеңіз қателесіз, ол жерде достық, адамдарға сене білу, махаббат (өз әйелінің қартайған кездегі сезім), сатқындық, заманға деген көз-қараста айқын көрсетілген. Imaxтың әсері туралы айтпай кетуде қиын. 

Меніңше таңдалған актерлардың командасы да мықты: 

Берер бағам, 8/10. Барып көруге рекомендеймін. 

Айтпақшы, жақында тағы бір жақсы көретін кино/мультфильмім "Жаңа Өрмекші-адам 2" қазақ тілінде шығатын болды, інім ерекше қуанатына сенімдімін.