Мен қандаймын өзі?...

Мен қандаймын өзі?...
жеке
блог

Біздің қатарымыз күннен-күнге көбейіп келе жатыр ғой, бірі келіп бірі кетеді дегендей. Әр блогшыны виртуал әлемде болса да жақсы білгім келеді, танысқым келеді. Өзіммен бірге жүрген блогерлерді жақсы тани түсіне білу үшін бір эстафета бастамақпын. Эстафета "Бір сөзбен өзіңді таныстыр" деп аталады. Яғни өзіңізге ұнайтындар мен ұнамайтындарды бір сөзбен жазып шығасыздар. 

Ұнайды: елдердің жынына тию, тыныштық, адал достар, ашық әңгіме, тура пікір, адалдық, театр, мелодрамалар, фантастика, imax, шым-шытырық психологиялық кітаптар, етті тағамдар, интернеттен шықпау, neke.kz, «біреудің» қырсыққан сәттері, пепси, тауға шығу, қыздармен кездесу, машина, қалада түнде серуендеу, джинси сымдар, жылауық мағынасы бар әндер, маникюр жасату, жаңбыр, аппақ қар, өз үйім, ауыл, Ол, Айкерім, Назира, көп ақша, жұмысыңның бағалануы, тегін концерттер, фейсбук.

Ұнамайды: белгісіздік, түсінбестік, қысылысққан автобус, көп ақыл айтулар, мылжыңдар, мақтаншақтар, кашалар, үретін иттер, түсінігі жоқ бастықтар, аптап ыстық, дыңқылдақ музыка, адамды жақтырмаулар, арақ, мағынасы аз жиындар, бір қыздар, біреу, алдану, ақымақтық, сөз таппай қалу...

Эстафетаны Ақботаға бергім келеді.