Kaznet Digest немесе қазіргі жастарға ұсынар i-тағам

Демалыс күндердің бір кешкісінде отырып, күнделікті интернет шолуымның кезі былай өтеді. Әдетте әлем және ел жаңалықтарымен танысып, кейін өзіме қызық және дамытатын әсерлі блогтарды оқып пікір алмасамын, кейде жеке басым жазып та қоятыным болады. Кезекті шолуым youtubeтан жаңа бір нәрсені үйреніп, арасында КВН видеороликтерін қарап көңілімді көтерісімен аяқталады. Бұл рутиналық тәртіп, байқағанымдай, достарым арасында жиі кездеседі.

Қазіргі жастар бұрыннан көп оқиды, таниды. Бірақ ол қағаз кітап формасында емес, жаңаша заманға байланысты интернеттегі мақалалар мен посттар, электронды журналдар мен кітаптар, видеосабақтар. Сондай-ақ, жаңа адамдармен сұхбаттасып, пікір алмасады. Осылай көп уақыт өткізетіні рас. Олар әлемде не болып жатқаны, қандай мәселе де болсын оның өзектілігін аңғарып, өз пікірлерін еркін білдіреді.

Қазіргі интернет пайдаланушыға шетел тілін білсе жеткілікті. Оған әрбір саладағы мәлімет ашық. Қызықтысы, кейде сәйкес контент тым көп болғандықтан, ең әдемісін таңдауға қиынға соғады. Бірақ, Қазнет басқаша. Бастапқы сатыда болғандықтан, жағдай дұрысталады деп сенемін, соған үлесімді қосамын, алайда бүгінгі таңда, шыны керек, сәйкес кәсіпқой контент аз.

Мысалы, Googleдан “ғылым технология инновация бизнес” жеке сөздерін ағылшынша тергенімде (science technology innovation business) 331 000 000 жауап қайырыпты. Ал қазақша тергенімде 133000 нәтиже ғана табылыпты. Қызықтысы, осы тақырып бойынша қазақ тілінде шынайы білім беретін, үйретер портал жоқ. Бірақ, біздің жеке меншік колледждері мен университеттердің жарнамасына және сол оқу орнының “инновация, ғылым деңгейі” туралы берілген ақпаратына Google тоқ.

Сол себептен ағылшынша көп оқимын, бірақ кейде орысшасы мен қазақшасы да болады. Шынтуайтына, осы күнге дейін мен қабілетімді дамытатын және ақпараттық саладағы қызықты контенті бар қазнет ресурсы туралы ойлаған емеспін. Ойласам да, ол шикілеу, кейде қызықсыздау деген ойым болғаны өтірік емес. Сондықтан осы жолы мен ерінбей қазақ контенті бұтақтарынан бір шолу жасап, төменде кішкене мәзір дайындадым:

 

i-Мәзір

“Жаңалықтар” салаты:

nur.kz/kk/ – әрбір саладағы жақсылап өңделген ақпараттық ресурстарға мол. baq.kz – бейімделген дизайн, сапалы фото және видео сүйемелдемелер. qamshy.kz – латын харпінде оқуға болады.

Жеңіл “Кітап” тамағы:

ikitap.kz – Қазақстанның ашық кітапханасы. Қосымша: тіркелусіз, ақысыз, толтырылған кітап каталогы. Алдар Көсе мультфильм топтамасын, күйлер мен термелерді онлайн тамашалауға болады. yvision.kz/MK/knigi – электронды кітапхана. Қосымша: тіркелусіз, ақысыз, әлем әдебиетін, балалар ертегілерін, энциклопедияларды жүктеп алу функциясы бар. e-history.kz – Қазақстан тарихы және Өлкетану саласы бойынша мультимедиалық портал. Қосымша: сапалы, сенімді үш тілді деректерді қамтиды, электронды мұрағаты мол. Пайдаланушылар арасында пікірсайыстар өткізіледі.

“Сауық” сусыны:

massaget.kz – өзім бірден ұнатқан сауық порталы. Қызықты блогтар, чат, форум, радио, функциялары қосылған. Одан басқа толық аудиокаталогы мен қазақшаға аударылған сериалдар бар. I-Дос секциясында кейбір керекті программаларды видеосабақтар форматында ұйғаруға болады. yvision.kz – танымал Yvision блог платформасы. Осында көптеген қызықты посттарды оқып тамашалауға болады. Сондай-ақ кез-келген пайдаланушы блог арқылы ойын еркін білдіре алады. kerekinfo.kz – блог платформа, бірақ контенті аздау болса да, сайт құрылысы жағымды. Келешекте мүмкіндігі зор. naqyl.kz – қазақша мотиваторлар әлемі. Сапалы мотиватор жасау және жүктеп алу функциясы бар.

“Youtube” десерті:

youtube.com/user/NARKESKEN – қазақ тіліндегі youtube арна. Канал плейлистінде Отандық фильмдер, Қазақстанды таныту, “Жайдарман”, қазақ әндері, т.б. бар. youtube.com/user/TVBilim – тұңғыш қазақ тілінде білм беру телеарнасының youtubeтегі арнасы.

"Бонус" балмұздақ: 

neke.kz - жаңалықтар, шымылдық, салт-дәстүрлер, тіпті "кел, танысайық" бұрыштарынан тұратын ұқыпты вебсайт.

 

Қазақ халқы ежелгіден ыстық тамақтың шипалық қасиетін білген-ді. Сондықтан ыстық тағамын бәрінен де жоғары қойып құрметтеген. Мәселен “ет етке, сорпа бетке” дейтінін әжелеріміз, аналарымыздан естиміз. Жоғарыда көрсетілген мәзірден байқағаныңыздай, мен ыстық тамақты енгізген жоқпын. Себебі ол әлі “дайын емес”. Пешіміздің отыны нашарлау болған соң, жайлап піседі. Осыдан түйіндейтінім, қазнет ортасында да дәл сондай ыстық тамақ әлі піскен жоқ сияқты. Бірақ біз бірге соның тез пісуіне үлесін қоса аламыз. Қалай? Отынымызды ауыстырып, көбірек жағуымыз керек. Дәл сондай орыс, ағылшын контенттерінен көңілімізді сәл аударып, қазақша көбірек оқу, жазуға тырысайық. Сондай-ақ, әрбір қазақстандық интернет пайдаланушы қазконтентке кіріп, өздері де қорықпастан сонда білімімен, пікірлерімен еркін бөлісуге ашық болу керек. Сонда ғана шынайы дәмді сорпа пісу керек-тұғын.

 

Қосылу:

Twitter

Facebook

Оригинал:

Kaznet Digest немесе қазіргі жастарға ұсынар i-тағам



Бөлісу: