Өмір мәні байлық емес, иманда

Өмір мәні байлық емес, иманда
жеке
блог

Еліте алмай өмірдің бұл биіне,

Еркек адам көп түседі сынаққа.

Бір бизнесмен ағамыздың үйіне,

Мейрам күні барып қалдым қонаққа.

 

Хақ тағаллам қарап оң көзімен,

Берген екен үйіп-төгіп байлықты.

Бірақ әлгі ағамыздың сөзінен

Жүрегім қатты шайлықты.

 

Келе-сала мақтанғаны-ай көпіріп,

Бәріне өз еңбегімен жеткендей.

Тіпті  туған ағасына жекіріп,

Бауырын да көзіне кетті ілмей.

 

«Бірінші орында байлық тұру керек» деп,

Жөнсіз сөздің айтып жатыр бұрысын.

Байлық ғана жүретұғын жетектеп,

Мына өмірің құрысын.

 

Ағатай-ау, ойланшы сәл санамен,

Неге сонша берілесің байлыққа.

Жетпесе де жеткізіп бес баламен,

Қызмет қып жүрген де бар айлыққа.

 

Қалыпсың-ау дүнияға таңылып,

Қарамайсың ақшасы жоқ жанға да.

Тіршілікте күйісінен жаңылып,

Жарымай отырған бар нанға да.

 

Өмір мәні тек байлық деп түсінесің,

Аудандағы жан болсаң да бірегей.

Көмегің жоқ  елдің жайын білесің

Неткен жан ең шөлге біткен шөрегей.

 

Рухсыз бас, келтіресің күлкіні,

Құр мақтану білесің ғой ерге сын.

Бизнесің тоқтап қалып бір күні,

Екі аяғың аспаннан кеп жүрмесін.

 

Өмірінде «абыройлы» атты алған,

Тіршілігі таңғажайып бапталған.

Тұрғын-жайы алтынменен апталған

Жүрегінде рухсыз от сақталған

Мен баймын деп шіренгеннің барлығы

О дүниеге бір матамен аттанған.

 

Тірісінде, өзі құдай көрінген,

Рухани байлықтан да жерінген.

Көкрегі тұрақ тауып аспаннан

Жердегіге иілуге ерінген.

Соншалықты  дүнияға  берілген

Міне осындай «мен» дегеннің бәрі де

Құтылмаған өлімнен.

 

Ағатай-ау:

Өмір мәні байлық емес, иманда,

Дүния емес дос көңілін жиғанда

Сенде өтерсің бұл фәниден мәңгіге

Мейлі бұған илан не иланба.