SD картасы, флеш сақтауыш ақаулары

SD картасы, флеш сақтауыш ақаулары
жеке
блог

Телефон бостығы картасы (SD картасы) немесе флеш сақтауыштар - медия құжаттар, жекелік материалдар т.б. сақтайтын маңызды құрал, алайда олардан мәселе байқалған жағдайда біз қалай бір жақтылы етіп жүрміз? Төменде сіздер үшін жиі кезігетін SD картасы мәселелерін қалпына келтіру жолдарын баяндаймыз, сіздердің құрадырыңзды дұрыстап алуларыңызбен қатар құжаттарыңыздың жоғалмауына көмегі тиетіні сөзсіз.

USB

1. SD картасы немесе флеш сақтауыш зақымдалып, форматтауді қажет еткен жағдайда

Әдетте бұндай жағдайға тап болушылар төте форматтайды да, ішіндегі керекті заттарын жоғалтады. Ал ішіндегі заттарды жоғалтпай-ақ қалпына келтіруге бола ма? - Әрине болады.

Бір жақты ету әдісі:

1) құралды компьютерге жалғаймыз;

2) реті бойынша төмендегі басқыштарды орындаймыз: "бастау" -> "қозғалту" -> chkdsk G: /F деп енгіземіз (PS: мұндағы G: компьютердегі құралыңыздың белгісі, ал /F қалпына келтіру бұйрығы).

01

 төмендегідей DOS терезелігі қосылады, жұмыс аяқталғанда өздігінен шегінеді

02

болды, енді құралыңыз қалыпты жұмыс істейтін болады, солай болған шығар?!

 

2. Сақтауышыңыз форматталмай қойған жағдайда

Күнделікті қолданымда мысалы, телефоныңыздағы SD картасын форматтауға тура келеді, осындай кезде егер SD картаңыз зақымдалған болса форматтауға да келмей қалады. Ал оны форматтаудың әдісі, кәдімгі компьютер көмегімен яғни Windows жүйесінің диск бір жақты ету Fdisk құралынан пайдалану. Нақты барысы төмендегідей.

Бір жақты ету әдісі:

1) сақтауышты компьютерге жалғаймыз;

2) "менің компьютерім" ді тышқанның оң жағымен басамыз, содан "басқару" ды талдып компьютерді басқару терезелігін ашамыз;

03

3) суреттегідей "магнит табақты басқару" ды талдаймыз -> "магнит табағы 1" дегенге тышқанның оң жағын басамыз -> форматтау дегенді таңдаймыз;

04

05

06

4) енді ашылған терезеліктен құжат жүйесін "FAT32" деп талдап, форматтауды растасақ болғаны.

07

 

3. Сақтауыштағы құжат өшірілмей қойған жағдайда

сақтауышнағы құжат өшірілмей қойса, өшіргенде қателік ескертулері шыққан жағдайды шешудің жолы біршама көп.

бірінші әдіс:

ұқсас атаудағы құжат немесе құжатқалтасын құрып (бұл жерде өшірілмей жатқан құжат не құжат қалтасы меңдеген), одан кейін оны сол өшпейтын құжат тұрған жерге көшіріп орын ауыстырамыз дағы сосын орын басқанын өшіре саламыз.

екінші әдіс:

компьютерден "бастау" тізімдігін ашып, "қозғалту" ға cmd бұйрығын жазып DOS терезесін ашып аламыз. Сосын төмендегі бұйрықты жазу арқылы өшіре аламыз:  " G:/xxx.txt".  мұндағы G:/ сіздің сақтауышыңыздың белгісі, ал xxx.txt өшірмекші болған құжатыңыз.

Барлықтарыңызға сәттілік!

 

(Қайнар көз: ErKun.kz)